Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап, еліміздің барлық өңірлерінде, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өңірлік кадрлық резервтерге іріктеу басталған болатын.
Осы іріктеу аяқталып, Науырзым ауданынан екі кандидат өңірлік кадрлық резервке өтті. Оның бірі Қожа ауылының маманы Дәметкен Қарымсақова болса, Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Камалхан Қалиева.
Камалхан Қалиева мемлекеттік қызметте 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ең алғаш еңбек жолын Жастар практикасы мемлекеттік бағдарламасымен бастаған еді. Одан жетекші маман, бас маман, кейін бөлім басшысы болып тағайындалды. Өзінің еңбекқорлығы мен жұмысқа деген адалдығының арқасында жүктелген қызметті шашауын шығармай орындап келеді. Әрқашан жинақы әрі жауапты.
–Кадрлық резервке қатысуға биыл құжаттарымды тапсырдым. Жан-жақты дайындалып, өзімнің жобамды қорғай білдім. Бұл жастар үшін үкімет тарапынан берілген жақсы бастама әрі мүмкіндік. Облыстың әр өңірінен мен сияқты жастар қатысқан еді. Енді, міне, бүгін қорытындысы шығып, еңбегіміз ақталды. Алдағы уақытта да өзіме жүктелген сенімді ақтап, мемлекеттік қызметті адал атқара беремін деп сенемін, – дейді Камалхан Қалиева.
Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Іріктеуді Қостанай облыстық кадр комиссиясы жүзеге асырады. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады. Іріктеуге Қазақстан Республикасының азаматтары 35 жастан аспаған жəне 3 жылдан кем емес еңбек өтілі барлар қатыса алады.
Резервке іріктеу бірнеше кезеңдерден тұрады. Ол құжаттарды тапсырудан басталады. Одан әрі заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өту керек. Жоба порталда іске қосылған сәттен бастап onir.pkrezerv.gov.kz Қостанай облысы бойынша 491 адам тіркелді, оның ішінде 323 қатысушы келесі кезеңдерге жіберілді.
147 үміткер заңнаманы білуге тестілеуден сәтті өтті, оның ішінде 62 үміткер – жеке қасиеттерін бағалау. 59 үміткер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының базасында өткен «Құзыреттерді бағалау» кезеңінен өтті. Төртінші кезеңге 54 үміткер жіберілді.
Құрылымдық сұхбат барысында 48 үміткер таңдалған салалық бағытқа сәйкес жобаларды ұсынды. Үміткерлер өздері ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін және іске асырудағы ықтимал проблемалар мен күтілетін нәтижелерді ашты. Комиссия үміткерлерді 3 критерий бойынша бағалады: аналитика; білім тереңдігі; коммуникативтік дағдылар. Құрылымдық сұхбат қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің және салалық сарапшылардың қатысуымен өткізілді.
Ай ӘБДІЛДА
Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…
Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…
Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)
Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…
Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…
Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…
This website uses cookies.