Науырзым аудандық «Түркебай» мешітінде тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп ағаш отырғызылды…
Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – игі іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады
Осы Қасиетті Рамазан айында отырғызған әр түп ағаш, ертең бір жанға көлеңкесін түсіріп пана болса сауабы мол болмақ.
Көктем шығысымен кентішілік аумақты көкжелекке айналдыруға көңіл бөліп ауданымызда барлық мекеме сенбілік тазарту жұмыстарын жүргізіп, ағаш отырғызу жұмыстарын бастаған болатын. Бұл игі істерді ауыл жамағаты мен Түркебай мешітінің бас имамы Есет Ғабдімәліков аудан мешітінің ауласына ағаш отырғызумен жалғастырды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп , бірігіп мешіттің айналасын тазартып, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 түп ағаш отырғызды. «Бағбан болсаң, бақ өсір, балама деп тағы өсір» демекші, аулаға ағаш отырғызудың қаншалықты жақсы амал екенін білеміз.
Иә, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын…» бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау- әрбір азаматтың борышы. Хадисте «қандайда бір мұсылман ағаш егіп не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады». Тағы бір хадисте: «Бір адам бір ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады» делінген, олай болса мол сауапқа себеп болар бір тал ағаш отырғызуды келешек ұрпақ үшін жоспарлап мақсат етейік!
Айгүл САБИТБЕКОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31