11 қаңтар 2024 жылы ауданымыздағы «Түркебай ата» мешітінің өз асханасы ашылды. Аудан тұрғындарының ауызбіршілігін айшықтайтын бұл жиынға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов, облыстық «Аймағанбет Спанұлы» мешітінің наиб-имамы Икрам Бақытжан, көршілес Әулиекөл ауданы мешітінің бас имамы Балахмет Нұрбол қажылар, ауданымыздың сыртта жүрген жанашыр азматтары және ауданның ардагерлері мен тұрғындары қатысты
Науырзым ауданы орталығынан сән-салтанаты жарасқан үлкен асхананың ашылуы аудан тұрғындары үшін қуаныш болды. Асхана ешбір салтанат сарайынан кем түспейді. Барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл – барша аудан халқының ұйымдасып, ауызбіршілік танытуы арқасында бой көтерген ғимарат. Жасы мен жасамысы да, ауыл-ауылдың тұрғындары да осы нысанның құрылысына қолдан келгенше жәрдем берген. Әрине, бұл істің ұйытқысы аудандық орталық мешіттің имам және алқа мүшелері. Бұл ғимаратта аудан тұрғындары түрлі діни, дәстүрлі шараларға, атаулы күндерге орай ас беруіне болады.
Сонымен бірге аудан әкімі Мәди Ихтиляпов сөз алып, барша жамағатты асхананың ашылуымен құттықтап, мешіттің алқа мүшесі Шотбай атамен бірге лентасын қиды.
– Құрметті Қараменді ауылының тұрғындары! Бүгінгі көптен күткен «Түркебай ата» мешітінің асханасының ашылуымен шын жүректен құттыктаймын! Асхана кұрылысы еліміздің бірлігі арқасында жүзеге асты. Осы игілікті іске атсалысқан барша демеушілерге, аудан халқына, ел азаматтарына алғысымды білдіремін. Асханамыз жұмыс мейірімділікке, істеп, халқымызды имандылыкка тәрбиелеуді, асыл дінімізді насихаттауда халық үшін жұмыс атқара берсін. Жерлестеріміз үшін әрдайым сапалы қызмет көрсетіп тек жақсы себептермен жиналсын. Сіздерге зор денсаулык, отбасыларыңызға құт береке, мол бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болсын! Жана асхана кұтты болсын!, – деді аудан басшысы.
250-300 адамға арналған жаңа нысанды 2022 жылы жеке кәсіпкерден сатып алынған болатын. Биыл міне, 2024 жылдың алғашқы айында ел игілігіне берілу бұйырыпты.
Аудандық орталық мешіттің имамы Есет Ғабдімәлік Бүгінгі мешіттің асханасы халықтын қолдауы мен ашылып отыр. Мақсат: Дұға оқытканда, ас берген де адал дастарханда берілсін деген ниетпен ел игілігіне беріліп отыр. Асхана құрылысына аудан халқы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» атсалысса, қолынан құрылыс жұмыстары келетіндері тегін қызметін аямады. Дейтұрғанымен, тұрғындардың ауқымды ғимарат құрылысына қаражаты аздық еткен тұста, ауылдың атқамінер азаматтар жәрдемдесіп іс толығымен аяқталды. Сауапты іске барынша жәрдемдескен барша мұсылман бауырға алғысымыз шексіз» деді.
Аудан орталығындағы асхананың ашылуын¬да өткен күннен сыр шерткен азаматтар ауданның қазіргі жай-күйіне тоқталып, елдегі ынтамақтастық көрінісіне ризашылық білдірді. Шара соңында әруақтарға Құран бағышталды.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…
Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…
Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…
АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…
IQanat олимпиадасының алғашқы кезеңі басталды. (далее…)
Жыл сайын Қазақстанда қазан айының үшінші жексенбісі орман шаруашылығы күні атап өтіледі. (далее…)
This website uses cookies.