Менің кәсіби еңбек жолымды ашқан газет

«Науырзым тынысы» газетінің әрдайым тілекшісі болып келемін

Журналистика саласына келуіме мектептегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі – Қашқынбаев Шаймерден Қашқынбайұлы себепкер еді.

Арман қуып, Қостанайдағы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, бес жыл оқып, 2004 жылы дипломымды қолға алдым. Облыстық «Барыс» радиосында өз еңбек жолымды радио жүргізушісі ретінде бастасам да, тағдырдың жазуымен, дипломымды құшақтап, туған жерімде еңбек етудің сәті түсіпті.

Сол жылы «Науырзым» аудандық газетінің жарыққа қателеспесем үшінші мәрте, қайта жаңарып шығуы. Редактор – Жарылғасымов Асқар Қуанышбайұлы. Мені тілші ретінде қызметке алды. Жалақым – 4000 теңге еді. Қазір ойласам күлкілі. Дегенмен, сол уақытта жалақының қарқына да қарамаппыз. Жалындаған жастық шақ, елге деген патриоттық сезім, қайсар мінез – міне, осыларды бір жүрекке жиып, редактормен қатар жүріп жұмыс жасадық. «Науырзымда» 2004- 2008 жылдар аралығында қызмет еттім.

Редакция деген дардай аты бар газеттің кабинеті қуықтай ғана аудандық әкімдіктің бірінші қабатында еді. Кабинеттегі құнды – зат дәудей сұр компьютер. Серігіміз – қалам мен блакнот. Телефон, диктафон, фотоаппарат дегендерің атымен жоқ. Диктофон демекші, есіме түскен мына бір оқиғаны айтайын, аудан әкімінің орынбасары Ә.Беркенұлы Асанов бізге көңілі түсті ме қайдам (негізі ешкімге көңілі түсе бермейтін ағай тұғын) өз диктафонын сыйлағандай болды. Жерден жеті қоян тапқандай мәзбін. Жазып керек емес, сұхбаттасушының алдына қойып, сөзін басып аламын. Сонымен, ауыл-елді аралап, әншілер тобына еріп, егіс алқаптарына, жұмыс бригадаларына дейін барып, Оджахвердиев деген ағамыз туралы мақала дайындауға сұхбат алып келіп, жазам деп жүргенде, құрғыр диктафонды иесі сұрап алып қоймасы бар ма?!

Бермеске амал жоқ. Сұхбаттың бәрі кетті. Блакнотқа түспеген, есте сақталмаған. Сонымен, диктафонның кесірінен бір үлкен кісінің көңілін қалдырғаным бар. Кейінірек фотоаппарат серік болды жұмысыма. Ағай екеуміз таласып жүріп, жұмыс жасайтынбыз әйтеуір. Ағайдың қағытпа мінездері көп болатын. Шымшып сөйлейтін. Дегенмен, өз ісінің мықты маманы болатын. Бір мақаланы он ойланып, жүз толғанып отырып, қағаз бетіне түсіретін. Асқар ағаймен бір жылдан аса бірге жұмыс жасадық, кейін белгілі бір себептермен орнын босатты.
2005 жылдың жазынан өзім – редактор, өзім- тілші, өзім- верстка жасаушы, өзім – корректор жұмысын жасадым, өзім – еден жуушы да болып кететінмін тіпті. Жалақы аз және дұрыс уақытымен төленбейді, сондықтан жұмысқа құлықты адам да болмады десе де болады. Осылай газетте 4 жылдай жүрдім. Айына бір рет шығатын газеттің материалдарын дайындап болғанша, ескіріп кететін. Оны бірнеше дискіге салып, Қостанайдағы «Баспа Үйіне» апарып шығартатынмын. Баспа үйінде түнімен отырып қате тексерген кездерім де аз болмады. Өйткені, ол жер күні-түні жұмыс жасайтын…

Екі жылдың төңірегіндегі талай қызықтарды айта беруге болады әрине …

Тағы бір айта кетер жай, сол кездегі аудандық газеттің дамуына бірден-бір үлесін қосқан, жанашырлық танытқан азамат, ішкі саясат бөлімінің басшысы – Халит Ілиясұлы Едіресов еді. Ол ағамыздың газетке сіңірген зор еңбегін астын сызып айта кеткім келеді. Сол кезде газетте жарық көрген орыс тіліндегі мақалалардың көбін ол кісі өзі жазатын. Халит ағайдың жанашырлығының арқасында бұл газет сол уақыттағы не бір қиындықтарды (жабылып қалуға дейінгі) артқа тастады.

Газет сізге не үйретті деген сұрақты жолдап еді. Газет редакторы Айбек Таңатбаев. Газетте талай жылдар жүрмесем де, газеттің ыстығына күйіп, суығына ауыз толтырып айтарлықтай «тоңдым» дей аламын. Бұл газетке жастық жылдарымды бердім. Ал, ол маған төзімділікті, шыдамдылықты, кімге қалай қарап, кіммен қалай сөйлесу керектігін үйретті. Жүрген жерде қойын дәптерге жақсы сөздерді жазып алу мен көңілге тоқып жүру әдетке айналды. Қойған сұрақтар мен алған жауаптарды саралауды үйрендім.

Журналистиканың қай саласы болмасын, телевидениесі бар, радиосы бар, газет болсын – құпияға толы салалар ғой. Дегенмен, газетте жүрген тілшілердің сөздік қоры бай, ойы терең, тілі шешен болуы маңызды. Өйткені, олар ойлағанын қағаз бетіне түсіреді, ол оқығанның жадында сақталады, сақталмаса жаңа газеттің қиындысын керек деп тапса, сақтап қояды. Ал, құлақпен естіп, эфирден көргеннің бәрін – ойда сақтап тұру мүмкін емес. Бұл менің енді жеке пікірім.

Бұрынғыдай емес, біздің газет қазірде кемелденді, толықты. Басшылық тарапынан қамқорлық көріп, дұрыс жолға қойылған сияқты. Кәсіби жолымды ашып берген 55 жылдық ғұмыры бар «Туған» гезетіме айтарым, жазарың таусылмасын! Ғұмырың ұзақ болғай! Беттеріңде тек елге ұнар, құлаққа жағымды жаңалықтарың көп болсын!!!!

Жадыра ТАСАНОВА, аудандық «Науырзым» газетінің 2005-2008 жылдар аралығындағы редакторы

Редактор

Recent Posts

Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…

7 дней ago

Бірлігі жарасқан берекелі ұжым

Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…

7 дней ago

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

1 неделя ago

Науырзымдық Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатты

АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

2 недели ago

Науырзымдық қорықшыларға құрмет көрсетілді

Жыл сайын Қазақстанда қазан айының үшінші жексенбісі орман шаруашылығы күні атап өтіледі. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.