«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
Аудандық полиция қызметкерлері акцияға белсене қатысты
Республикалық «Мектепке жол» акциясының басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
Жыл сайын өтетін дәстүрлі қайырымдылық шарасында балаларды барынша қамтуға басымдық берген. Биылғы шараны алғашқылардың бірі болып,Науырзым аудандық полиция бөлімі белсене ат салысты. Полиция бөліміне бекітілген 2011жылы туылган Докучаев орта мектебінің 2 «б» сынып оқушысы Землянов Рустам Сергеевичке полиция қызметкерлері мектепке қажетті кеңсе тауарларын, портфель, мектеп формасын және спорттық киімдерін алып берді. Рустамның анасы полиция қызметкерлеріне қайырымдыістеріне ризашылығын білдіріп, қуанышымен бөлісіп, жомарттықтарына алғысын білдірді.
Жібек Нұрсеитова
Фото – аудандық полиция бөлімі ұсынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31