Науырзым ауданының Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен аудандық Жастар ресурстық орталығының мұрындық болуымен Наурыз мейрамына орай «Мектеп аруы-2022» атты 7-9 сыныптар арасында байқау өтті

Байқаудың негізгі мақсаты қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, ізеттілікке баулу. Байқауға қатысқан аруларымыз 5 кезең бойынша сынға түсті. Таныстыру бөлімінде әдемі әнге салып өзін таныстырған Аралбай Зәбира ерекшеленсе. Сұрақ-жауап кезеңінде берілген сұрақтарға нақты жауап берген Балтабай Назым болды, өз өнерлерін паш етуде Жауке Дильназ манолог оқуда, Бөлтірікова Ақерке «Аққу» биін билеп көрермен ықыласына бөленді. Жас аспаз бөлімінде қатысушы аруларымыз үйден дайындап әкелген ұлттық тағамдары ең қазылар алқасын таңырқатты. Бұл бөлімде ерекше көзге түскен Қайыржанова Жансая мен Арыстанбекова Жансая.

Байқау болғасын қатысушыларға әділ бағасын беріп, төрелік еткен әділ қазы алқалары аудандық Балалар шығармашылық үйінің ұстазы Жанар Қуанышева, аудандық «Науырзым тынысы» газетінің редакторы Жібек Нұрсейтова, Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Әсел Бөртаева төрелік етті.

– «Мектеп аруы-2022» байқауының да көздеген мақсаты, асыл қасиеттерді ару қыздарымыздың бойынан көру, -дейді ұйымдастырушы Мақпал Кенжеғалиева.

«Мектеп аруы-2022» байқауы жоғары деңгейде өтті. Қатысқан аруларымыз барлығы жүлделі номинацияларға ие болды. «Cымбатты ару» Бөлтірікова Ақерке, «Инабатты ару» Жауке Дильназ, «Көрермен көзайымы» Аралбай Зәбира, «Білімді ару» Балтабай Назым және «Өнерлі ару» номинациясымен Қайыржанова Жансая марапатталды. Байқаудың жеңімпазы «Мектеп аруы-2022» бас жүлдесі Арыстанбекова Жансаяға бұйырды.

Айбек ТАНАТБАЕВ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

6 дней ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

7 дней ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымдықтар «Қарлы десант» акциясы мен Еріктілер жылының ресми ашылуына қатысты

20 ақпан күні Науырзым ауданының Жастар ресурстық орталығы еріктілердің қатысуымен «Қарлы десант» акциясын өткізді. (далее…)

1 неделя ago

Қарамеңді ауылында өмір өз арнасымен тыныш әрі берекелі жалғасуда

Қыстың қарлы күндерінде де ауыл тіршілігі тоқтамайды. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.