“Мәз-Майрам”ойын-сауық театры бір жылдық өнер белесінің мерейтойлық концертін берді

Науырзым өлкесінің мәдени тынысына жаңа леп әкелген ерекше өнер ордасы — «Мәз-Майрам» ойын-сауық театры 2024 жылыдың қазанында өз шымылдығын түрді.

Бұл театр Науырзым аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылып, өнерді сүйген жүректердің басын қосқан үлкен бір рухани ошаққа айналды. Өнер ұжымының тізгінін ұстаған — шығармашылыққа жаны жақын, таланты мен талғамы үйлесім тапқан жетекші Арай Ерсары. Оның бастамасымен театрдың алғашқы қадамдары нықталып, жаңа идеялар мен тың жобаларға жол ашыла бастады. Театр құрамын жас та болса, өнерге адал, сахнаға деген сүйіспеншілігі алаулаған талантты жандар толықтырды. Атап айтқанда: Сәулет Мырзатаев, Қызғалдақ Дүйсенова, Мейрамбек Кенжебаев, Нұргүл Катайқызы, Роза Мырзатаева, Гаухар Аменова, Жазира Ермағанбетова, Балмекен Шакибаева, Алмат Өтелбаев, Гүлден Аменова, Қанат Тортаев сынды актерлер бүгінгі таңда театрдың негізін қалаушы шығармашылық топ ретінде халыққа танылып келеді. Әрқайсысының мінезді образ жасауға деген қабілеті, сахнадағы өзіндік болмысы театрдың өсуіне ықпал етуде.


Бір жыл бұрын құрылған “Мәз-Майрам” ойын-сауық театры кеше өзінің алғашқы есеп беру концертін қалың жұртшылыққа ұсынды. Концерт барысында театр ұжымы бір жыл ішінде атқарған шығармашылық жұмыстарын жинақтап, көрермендерге ең әсерлі, ең көңілді қойылымдарын көрсетті.

-Құрылғанына көп уақыт өтпестен-ақ, «Мәз-Майрам» театры өз өнерін тек аудан ішінде ғана емес, көршілес өңірлерге де таныта бастады. Ұжым KPI бағдарламасы аясында халыққа мәдени қызмет көрсетіп, ауыл-ауылды аралап, өнердің шуағын жеткізіп жүр. Театр барған жерінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, Науырзым өнерін кеңінен насихаттауда. Бүгінде театр шығармашылық ізденісте. Әр актер өз рөлін шынайы сомдау үшін дайындық залында тер төгіп, режиссерлық топ жаңа қойылымдардың мазмұнын тереңдетіп, көрермен көңілінен шығатын еңбектерді ұсынуға барын салуда. Алдағы уақытта театр репертуары жаңа, мазмұны бай, тәрбиелік мәні жоғары қойылымдармен толығып, халыққа ерекше әсер сыйлауды мақсат етеді, деді – театр жетекшісі Арай Ерсары.


-Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарына зор алғыс білдіремін! Бүгінгі өткен іс-шара шынымен де жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Әрбір өнерпаздың дайындығы, сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі – бәрі-бәрі кәсіби деңгейде болды. Залда отырған қауымның ықыласы мен қошеметі де ерекше болды. Шара барысында ұлттық өнеріміз бен мәдениетіміздің әсемдігі айқын көрініп, әр қойылым көрермен жүрегіне жол тартты.Осындай рухани азық сыйлаған мәдениет үйінің өнерпаздарына рахмет, – деді көрермен Моншақ Баймулдина.

«Мәз-Майрам» — атына сай, елге қуаныш сыйлайтын, Науырзымның мәдени тынысын жандандыратын шығармашылық ұжым болуға бет алған театр. Оның әр қадамы — халық үшін, өнер үшін жасалған игі бастама.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Джейран Валиеваға медицина саласындағы адал еңбегі үшін марапат берілді

Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…

2 недели ago

Науырзым ауданы: Қарамеңдіде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…

2 недели ago

Науырзым ауданының үздік оқушылары Президент шыршасына қатысты

Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)

4 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

4 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

4 недели ago

В селе Уленды Наурзумского района появилось уличное освещение: на шести улицах установили 30 фонарей

Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это  как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…

1 месяц ago

This website uses cookies.