«Мөлдір бұлақ – Науырзымның табиғи мұрасы»
Науырзым ауданы Жастар ресурстық орталығының «Мөлдір бұлақ – Науырзымның табиғи мұрасы» экологиялық жобасы 1 000 000 теңге көлемінде қаржыландыруға ие болды.
«Таза Қазақстан» қағидаты аясындағы «EcoZhas» жобасы шеңберінде жүзеге асатын бастама арқылы ауданның бірнеше табиғи бұлағын тазарту, абаттандыру, экологиялық-туристік бағыттарды дамыту, «Бұлақ сақшылары» волонтерлік клубын құру және жас гидтерді даярлау жоспарлануда.
-Бұл – туған жердің табиғи байлығын сақтауға бағытталған маңызды қадам. Жастарды экологиялық жұмыстарға тартып, бұлақтарды қорғау мәдениетін қалыптастыруды көздейміз. Жобаның Науырзымның табиғи мұрасын сақтауға қосар үлесі зор», – дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Айнұр Хаудан.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті ұсынған ЖРО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
