Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіш ашылды
1941-1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысы осы соғысқа қатысқан халықтардың өмірінде мәңгі өшпес қайғылы із қалдырды. Бұл соғыстың қазақ халқы үшін де келтірген зардабы аз емес. Қан майданда қазақтың қаншама бетке ұстар есіл ерлері мерт болды. Осы майданда мерт болған азаматтардың ерлік істері мен жанкешті еңбектері қазақ халқының жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
2019 жылдың 30 қыркүйегіндеТұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Раздольный ауылында өткен іс-шара осының бір айқын дәлелі болды. Ауыл тұрғындары орталық алаңға жиналып, Ұлы Отан соғысына аттанып, қайтып келмей қалған және осы соғыстың құрбандарына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.Ашылу салтанатына аудан әкімі Талғат Карбозов, аудандық мәслихаттың хатшысы Гүлсім Әбенова, Раздольный ауылының әкімі Ерлан Әлмағамбетов, жеке шаруа қожалық басшылары және жергілікті тұрғындар қатысты.
Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне орнатылған ескерткіш Раздольный ауылы әкімінің бастамасымен және ауыл тұрғындары жинаған қаражат есебінен бой көтерген. Салтанатты рәсімде жүргізушілер Раздольный ауылынан майданға аттанған азаматтар мен олардың ерлік істері жөнінде айтып өтті.
– Осы ауылда туған бір топ азаматардың демеушілігімен ескерткіш бой көтеріп отыр. «Өткенді ұлықтау – өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Осыған орай соғыс жылдарына бейбіт өмір үшін соғысқан осы ауылдың ардагер аталарымыздың есімдері бүгінгі ескерткішке ойылып жазылған. Көпке үлгі боларлық өнегелі іс келешек жас ұрпаққа тарих деп білемін. Өйткені бүгінгі ескерткіште жазылған асыл азаматтардың жанқиярлық ерлігі мен есіл еңбегі жас ұрпақ үшін өнеге, – деді аудан басшысы.
Аудан әкімі Талғат Карбозов пен осы ауылдың меценаты Нұрлан Сейдалин ескерткіштің лентасын қиды. Лента қию рәсімінен соң осы ауылдың тұрғыны, зейнеткер Базаркүл Нұрмановаға сөз беріліп, өз кезегінде ол Ұлы Отан соғысы мен мен тарихы туралы сыр шертіп, осы соғыста ерлік көрсеткен азаматтар жөнінде кеңінен әңгіме қозғады.
Иә, бүгінгі күн әрқайсымыз үшін тарихи сәт. Бұл ескерткіште жерлес батырлардың, Отан қорғаушылардың есімдерін мәңгі есте қалады. Раздольный ауылында ашылған «Отанды қорғағандар»ти ескерткішіне осы ауылдан аттанған 25 соғыс ардагерлерінің есімі жазылған. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылды. Батырлардың ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі болатыны хақ.
Жібек Мырзағали
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31