19-23 тамыз аралығында ауданымызда «Жастар жылына» орай жастар күні өтті.
23-ші тамыз күні Науырзым ауданының жастар ресурстық орталығында «Коворкинг» орталығы ашылды.
«Коворкинг» сөзінің мағынасы бірге жұмыс жасау. Бұл орталықтың ашылу бастамасын Тұңғыш Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бағытталған болатын.
Осы орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Т.Т. Карбозов. ауан әкімінің орынбасары Е.Ж. Айсағалиев Қараменді ауылының әкімі С. Қ. Байдилдинов, мәслихат аппаратының басшысшы Э.Н. Шахбутова, Жамбыл орта мектебінің директоры Р.С. Нұрбаев, Докучаев орта мектебінің директоры Ю.А. Тимошенко қатысты.
Салтанатты іс-шараның лентасын аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы кесіп, орталықтың ашылуына, аудан жастарына ізгі телегін білдірді. «Коворкинг» орталығының бөлінген өзіндік арнайы бұрыштары бар.
Бірінші бұрыш: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы бұрышы. Бұл бұрышта Абай атамыздың нақыл сөздері жазылған.
Екінші бұрыш: жастар орталығының жылдық жасаған жұмыстары жайында фото көрме.
Үшінші бұрыш «Жақсылық жаса» бұрышы. Бұл бұрышта аудан азаматтары кішірейіп қалған немесе қолданбайтын киімдерін осы бұрышқа тапсыруларына болады. Жиналған киімдерді тұрмысы төмен отбасыларға апарып береді.
Төртінші бұрыш: Жастардың ой-санасын, жоспарларын дамыту бұрышы. Осы бұрыштар жайлы жас волонтерлер жиылған қонақтарға түсіндіріп өтті.
Кофе брейк ұйымдастырылып жастар өздерінің ойларын, алдағы жоспарларын ортаға салды. Осы жастар күнінің жалғасы кешкі сағат 21:00 де жалғасты.
Бұл кеште «Жастар туған жерінің көшесінде» атты квест ойыны және «Менің елімнің болашағы» атты онлайн байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Квест ойының жеңімпаздары Жамбыл орта мектебінің ұстаздары атанса, ал «Менің елімнің болашағы» атты онлайн байқауының жеңімпаздары Абдулина Сылан Серікқызы және Қарабасова Асыл Сейітқасымқызы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға сертификатпен бағалы сыйлықтар табыстылды. Ауданымыздың белсенді төрт волонтеріне аттары жазылған футболкалар табысталды. Мерекелік кеште аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, биші қыздар мың бұрала билеп кештің сәнін келтірді.
Осы жастар күніне орай Қостанай қаласынан арнайы шақырылған диджей Каспер және МС Олжас жастарға арналған би кешінің тізгінің ұстап, жандандыра түті. Осындай іс-шараның ұйымдастырылуы жастардың ойын, ашық айтуына, өздерінің жоспарларын іске асыруына он ықпал ететіні анық.
Дина ФАЗЫЛЖАНҚЫЗЫ
Фотоларды түсірген автор
Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей, Юлие Николаевне хочется, чтобы…
Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…
С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…
На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)
Конкурс направлен на развитие творческих способностей учащихся. (далее…)
Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)
This website uses cookies.