Киелі Науырзым жерінде “Мемлекеттік тілге 7 қадам” облыстық форум өтіп жатыр

Облысымыздың барлық аудан және қалаларынан келген 90 жуық бала Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығына жиналды. Бұл жоба былтыр алғаш рет Қостанай қаласында өткен болатын. Биыл бұл жоба табиғат аясында өтіп жатыр.

Аудан басшысы Мәди Ихтиляпов ауданымызға келген жастарды құттықтады.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрамыз.

Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп отырған тіл саясаты – толерантты тілдік орта қалыптастыруда аса маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі. Жалпы еліміздегі этнос өкілдері арасында қазақ тілін меңгергендер қатары жыл санап көбейіп келе жатқаны қуантады. Тәуелсіздік алған уақыттан мемлекеттің саясатымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге этностардың тілдерін сақтап қалуға, оқып-үйренуге қолдаулар көрсетіліп келеді.

Тіл мәселесіне қамқорлық көрсету әр азаматтың міндеті.Кез келген мемлекеттің өзегі – оның бірегей мемлекеттік тілі. Бүгін мен қазақ тілін меңгеріп, оқып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді деді.

Осы айтулы шара барысында облысымыздың Құрметті азаматы, ауданымыздың меценаты Өмірзақ Беккділдәұлы тіл жанашыры, мемлекеттік тілді меңгеріп насихаттап жүрген Екатерина Гедзурға өз атынан 100 000 теңге ақшалай сертификат табыс етті.
Форум 3 секцияға бөлініп, жастармен қызықты жұмыстар жасады.

“Биыл жобаға жиырмаға жуық ұлт өкілдері қатысып жатыр. Олар табиғат аясында өзара пікір алмасып, жеті бағыт бойынша білімдерін жетілдіретін болады. Бұл жиын этнос өкілдері арасында қазақ тілін білуді насихаттап, халқымыздың бірлігін нығайтуға шақырады”, – дейді іс-шараның басы-қасында жүрген Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының қызметкері Айбек Таңатбаев.

Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

1 неделя ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

1 неделя ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.