Карантин талаптары бұзылған

Тұрғындарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың
күрделенгеніне қарамастан, отбасылық шара өткізу, кешкілік 22:00 кейін негізсіз көшеде жүру және сауда дүкен иелері сантиралық талаптарды сақтамаған дерегі тіркелді.

13 қарашада Науырзым ауданы бойынша мониторинг топтар карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында бірнеше нысандар мен кешке жақын сағат 21:00 ауыл тұрғындарының елді-мекендерде жүріп – тұруын
тексеріп шықты.

Карантиндік талаптарға бағынбай жүргендерде бар болып шықты. Яғни, бірі
кешкі сағат 22:00 – ден кейін көшеде себепсіз жүрсе, енді бірі өзінің пәтерінде түнде адам жинаған болды.

– Карантин режимі ауданымызда күшейтіліп жатыр. Жаңа қаулыдағы өзгерістер туралы адамдарға түсіндірудеміз. Осында айтылған сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Жалпы, карантин басталғалы рейд барысында, 16 заң
бұзушылық анықталып, карантин талаптарын сақтамағаны үшін хаттама толтырлып аудандық санитарлық – эпидемиологоиялық қадағалау басқармасына жіберілді, – дейді топ мүшесі,
жергілікті полиция қызметкерлерінің бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ербол Өтегенов.

Айта кеткен жөн, Науырзым ауданы
әкімдігінің ресми әлеуметтік желі парақшалары мен аудандық газет сайттары
арқылы және жол патрульдік көлігімен аудан көшелерінен тұрғындарға жаңа
қаулыда айтылған шектеу шаралары хабарланып, ескертілген болатын. Жалпы, осы шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр.

19 қараша күні аудандық санитарлық эпидимологиялық қадағалау басқармасының басшысы Купейшина Еркетай Қабыкенқызы аудан әкімдігінің ресми “Инстаграм” парақшасында
брифинг өткізген болатын.

– Бүгінгі күні елімізде жарияланған пандемия уақытында карантин талаптарын сақтамай жүргендердің саны артуда. Ауданымызда осы қараша айы басталғалы карантин талаптарын бұзған 7 адамға штраф салынды. Оның ішінде сауда нысандары және жеке тұлғалар бар. Бүгінгі күні 5 тәртіп бұзу бойынша хаттама қаралуда. 3 азаматша аудан орталығында кешкілік уақытта тәртіпке бағынбай жүргендіктен олардың біздің ауданның тұрғылықты азаматтары болмағандықтан, Қостанай және Әулиекөл аудандарындағы әріптестерімізге хаттаманы тұрғылықты жері бойынша жібердік. Олар сол жердің тіркеуі бойынша жоғарыдағы тұлғаларға шаралар қолданады. Өлеңді және Раздольный ауылында да карантин талаптарын бұзған азаматтар бар. Сондықтан аудан тұрғындарынан карантин талаптарын сақтауды сұраймыз. Темірдей тәртіп, сіз бен біздің, ағайын туыстар арасында, аурудың азда болса, таралмауына
кепіл болмақ. Сондықтан, той-томалық пен құдай – астарын беруді доғаруларыңызды сұраймын, – дейді.

Айтса айтқандай, сол карнатин талаптарын сақтауды өзімізден бастайық. Еске сала кетейік, Қазақстанда карантинді бұзғандар
үшін айыппұл мөлшері ұлғайтылған болатын. Жеке тұлғалар үшін 30 АЕКтен (83 340 теңге), заңды тұлғалар үшін 230 АЕК-тен
(638 940 теңге). Сондықтан жақындарымыздың, өзіміздің денсаулығымызды әрдайым бірінші орынға
қойып, сақтанып жүруді ұмытпайық.

Айбек ТАҢАТБАЕВ

Редактор

Recent Posts

«Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде 1 мамыр - Қазақстан…

2 дня ago

Праздничным концертом в Наурзумском районе отметили 70-летие целины

18 апреля в стенах Докучаевской общеобразовательной школы прошло мероприятие, посвященное целинникам - людям, которые не…

2 недели ago

На мосту в Наурзумском районе образовалась трещина

14 апреля 2024 года на автодороги областного значения КР -20 Аулиеколь-Жолдама на мосту находящегося в…

3 недели ago

«Ауыл аманаты»: Дархан Есенбаев жылқы басын көбейту үшін 7 миллион 150 мың теңге қаражат алды

Дархан Есенбаев «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жылқы басын көбейту үшін 7 миллион теңгеден астам…

3 недели ago

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді (далее…)

3 недели ago

This website uses cookies.