Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Отан алдындағы қасиетті борышын өтеу үшін Науырзым ауданынын Шолақсай селосында әскер қатарына шақыртылушыларды шығарып салу рәсімі өтті.
Салтанатты рәсімге Шолақсай ауылының әкімі Надежда Киселева, мамандар, әскерге қабылданушылар мен олардың ата-аналары, дос-жарандары қатысты. Әскер қатарына қабылданушы жастарға ыстық лебіздері мен өнегелік өсиеттерін арнап, ақ жол тіледі.
Өткен рәсім – ер азаматтардың өміріндегі маңызды сәті, үлкен өмірге деген алғашқы қадамы. Отан қорғауға аттанушыларды салтанатты түрде шығарып салу дәстүрге айналған. Бүгінде әскери бөлімдерде барлық жағдай жасалған. Жастар әскер қызметіне төселіп, білікті де тәртіпті жауынгерге айналып, биіктерден көретініне үміттенеміз.
Әрбір азамат үшін әскери қызмет – үлкен өмір мектебі. Бұл мектептен жақсы тәлім алып, елге аман-есен оралып, ел үшін табысты еңбек етулеріңізге тілектеспіз.
Әскер қатарына қабылданушыларға кітаптар сыйланды. Жүректері Отанға деген сүйіспеншілікке бөленеді.
Күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасын таба береді. Болашақ сарбаздардың білімі жоғары, денсаулығы мықты. Барлығы әскери қызметке дайын.
Науырзым ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31