ҚХА-ның хатшысы өзінің ұлттық кодымызды ұмытпауға шақырды

24 қыркүйек күні Науырзым ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қостанай облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңес мүшелерінің және аудандық мәслихат депутаттарының, мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, Аналар кеңесі мүшелерінің, Науырзым ауданы Қоғамдық келісім кеңес өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырысы мен қоғамдық кабылдауы болып өтті. Іс-шараны Науырзым ауданының әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы жүргізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Аққожина Бибігүл Бүркітқызы өз сөзінде «Туған елдегі барлық қоғамдық және полтикалық оқиғалар әр қазақстандықпен тікелей байланысты. Сондықтан бастаманы білдіру, Отанымыздың лайықты имиджін жасайтын іс-шараларды өткізу қажет.Бүкіл әлемге туған Қазақстан туралы мәлімдеу құралдарының бірі – бұл өскелең ұрпақ белсенді пайдаланатын әлеуметтік желілер. Қазір жаһандану ғасыры: біз басқа құрлықта тұратын адамдармен еркін қарым-қатынас жасай аламыз. Бірақ ешқашан өзінің ұлттық коды, өз ата-бабалары, өз халқы мен отбасының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы ұмытпау керек.Қазіргі уақытта тарих, музыкалық және әдеби шығармаларды, дәл ғылымдарды зерттеуге шексіз мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Бұл бәсекеге қабілетті болу дегенді білдіреді» – деді.

Экономика және құқық институтының директоры, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Табұлденов Әлібек Нұрмағамбетұлы «Президент Жолдауы – жаңа мақсаттарға жетелейтін құжат» атты баяндамасында президент Жолдауының нақты бағыттарына тоқталып кең көлемде түсіндіріп өтті.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұратбеков Мұрат Тлемісұлы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 26 маусымындағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бағытталған шаралар» баяндамасында атаулы әлеуметтік көмек жайында толығырақ мәлімет берді.

Қоғамдық келісім кеңесінің Қоғамдық қабылдау бойынша 12-00-13.00 аралығында азаматтарды қабылдады. Осы қабылдауға аудандық мәслихат депутаты, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Мәди Ихтиляповта қабылдауға қатысты. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ұтымды жауап алды.

Жібек Мырзағалиқызы

Фотоны түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Учитель начальных классов Раздольной ООШ Наурзумского района Юлия Мартынова прошла непростой педагогический путь длиной в 35 лет

Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей,  Юлие Николаевне хочется, чтобы…

10 часов ago

В Наурзумской районной детской библиотеке состоялся XIII районный конкурс чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово»

Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…

14 часов ago

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

1 неделя ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

1 неделя ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.