“Ел үлесі пәтерге” жобасы аясында екі отбасы қуанышқа бөленді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Бас мүфтидің бастамасымен өткен жылы республика аумағында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы бастау алған болатын.
Мақсат – мұқтаж отбасыларға баспана алып беру. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Науырзым ауданы Қарамеңді орталығында көп балалы отбасыларға баспана сыйлады.
Баспана иелері Хамзин Нұрбек пен Асатова Әлимаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы баспана кілтін табыс етті.
Аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы екі отбасыға 50 мың теңгеден сертификат табыс етсе, аудандық «Түркебай» мешітінің бас имамы Нұрлан қажы кілем сыйға тартты.
Келген қонақтар қуаныш иелері жайған ақ дастарханнан дәм татып, ақ баталарын берді.
Жібек Мырзағалиқызы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31