Әдебиетке балалықты әкелген
14 қазанда аудандық балалар кітапханасында Жамбыл орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушыларымен қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 95 жылдығына арналған «Әдебиетке балалықты әкелген» атты портрет-кеші болып өтті.
Іс-шара барысында ақынның өмір жолы жайлы ақпарат беріліп, танымал туындылары мәнерлеп оқылынды.
Солардың ішінде Б. Кірісбайұлының Соқпақпаевты суреттеп жазған портрет-өлеңін 7 «Б» сынып оқушысы Зейнулла Нұрдәулет мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар,балалар Соқпақбаевтың көрермен жүрегін жаулаған «Менің атым Қожа» шығармасының бас кейіпкерін 5 сынып оқушысы Жанабай Жәнібек сомдап, сұрақ-жауап ретінде қойылым қойылды.
Кездесу соңында викторина-ойын өткізіліп, қатысушылар мадақтама қағазымен марапатталды. Бердібек Соқпақпаев өз туындылары арқылы оқырманды өжеттілікке, табандылыққа баулиды.
Қазақ халқының атақты да, шыншыл жазушысына арналған іс-шараны 7 «Б» сыныбы ішінен Назарбай Сымбат пен Жадикова Дильназ жүргізді.
Жанар Сәрсембаева, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31