Дәстүрге айналған аудан әкімінің жас мамандармен кездесуі

Елдің болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты да жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, олардың шығармашылығын дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға үгіттеу және жұмыспен қамтылуына ықпал етіп, кәсіпкерлік қырларын дамыту және отаншылдық құндылықтарды әспеттеу болып табылады.

2019 жылдың  25 қыркүйегіндегі кездесу еліміздің мақтанышы, ауданымыздың маржанына айналған Науырзым қорығында, яғни «Визит орталығында» өткізілді. Сырттан келген жастарға бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, ауданымыздың маржанының бір бөлігін көрсету, ауданымызды жақынырақ таныстыру болып табылды.Дәстүрге айналған жыл сайын өтетін аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлының«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында ауданымызға келген жас мамандармен кездесу өтті.

Аталған іс-шараға сонымен қатар  аудан әкімінің орынбасары Айсағалиев Е.Ж., аудандық маслихатыныңаппарат басшысы Шахбутова Э.Н.,  Қарамеңді ауылдық округінің әкімі Байдилдинов С.Қ., және аудандық мекеме басшылары қатысты. Аудан басшысы келген жас мамандарға деген жолашар лебізін білдірді.Жастар ресурстық орталығының директоры Сүлеймен Жұмабайұлы ауданымызда жастарға жасалып жатқан игі істер мен «Жастар жылы» ауданымыздың жастарына мол мүмкіндік беріп жатқаның айтып, жастарды белсенділік танытуға шақырды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасып, қолдауды қажет ететін жастардың аудан әкімімен жүздесуінде жүректері лүпілдеген, уылжыған жас мамандар өздерің «Танысу ойыны» арқылы таныстырып өтті.Кездесу диалог форматында еркін өтті. Жастар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұжырымды жауаптарын алып, болашақ жоспарларымен, өздерінің ұсыныстарымен бөлісті. Келген жас мамандар арасында спортшы, домбырашы, әнші жастарымызда баршылық екен. Ең бастысы осы жастарымыз ауданымызда тұрақты жұмыс жасап, ауданымыздың көрекейуіне ат салысады деген ойдамыз. Аудан әкімі биылғы жылғы жас мамандарға естелік сыйлықтар табыс етіп, естелік суретке түсті.

Кездесу соңы жастарға жайылған «Күзем шай» ақ дастарған басында жалғасын тапты. Әр ауылда келген жастар өздерінің ізгі лебіздерін білдіріп, осындай іс шараны өткізген  ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Осы орайда жастарға айтарымыз, өзінің кіндік қаның тамған жеріңнің атын гүлдеткін келсе, әрбір жас азамат аянбай еңбек етуі тиіс.Сондықтан жастар«Елім маған не береді?» – деп емес «Мен еліме не беремін?» – деп ойлануымыз қажет.

Жібек Нұрсеитова

Фотоны түсірген автор

Аудан әкімімен кездесуге келген ауданымыздың жас мамандары

Редактор

Recent Posts

Учитель начальных классов Раздольной ООШ Наурзумского района Юлия Мартынова прошла непростой педагогический путь длиной в 35 лет

Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей,  Юлие Николаевне хочется, чтобы…

10 часов ago

В Наурзумской районной детской библиотеке состоялся XIII районный конкурс чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово»

Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…

14 часов ago

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

1 неделя ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

1 неделя ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.