Categories: Новости

Бiрiншi сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психолог кеңестеpi

Мектепке келу – әр баланың өміріндегі өтпелі кезең. Оқудың басталуы оның күнделікті тіршілігіне өзгеріс енгізеді.

Мектепке дейінгі оқушыларға тән балалық, бейқамдық, ойынға берілу көптеген талаптар міндеттер және шектеулері бар өмірмен алмасады: енді бала әр күні мектепке баруы керек, жүйелі еңбек етуі, күн тәртібін орындауы, мектеп өмірінің ережелеріне бағынуы керек, мұғалімнің талаптарын орындау, сабақта мектеп бағдарламасы бекіткенмен шұғылдану, үй тапсырмаларын тиянақты орындау, оқу жұмысында жақсы нәтижелерге қол жеткізу, т.б.

Осы 6-7 жас кезеңінде баланың психологиялық келбеті де жаңарады, жеке адамдық, танымдық және ақыл-ой мүмкіндіктері, көңіл-күй, қарым қатынас ортасы өзгереді. Бала өзінің жаңа жағдайын міндетті түрде сезініп, үлкен болғанына мақтанады, оған жаңа жағдайы ұнайды.

Осы кезде ата-ана баланың сәтсіздіктеріне шыдамдылық, талпыныстарына қолдау көрсетуі қажет.

Көптеген «болады», «болмайды», «керек», «қажет», «дұрыс», «дұрыс емес» деген ескертулер бірінші сынып оқушысының алдынан шығады.

Бұл ережелер мектеп өміріне, баланың жаңа оқу іс-әрекетіне байланысты. Оның көбі баланың тілектері мен талаптарына қайшы келеді. Осының бәріне бейімделу керек.

Бірінші сыныптың көптеген оқушылары бұл қиындықты жеңеді. Психологтер айтқандай, дені сау, жан-жақты, өзіне сенген және басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын бала мектеп өміріне оңай ене алады.

Сонда да, мектептегі оқудың басталуы әр бала үшін өте күшті стресс. 1-сынып оқушыларының мектепте болған бірінші аптасында ағзаның қарсы тұруы төмендейді, түс көру, тәбет бұзылады, температура көтерілуі мүмкін. Мектепке бейімделу кезеңі кейбіреулерінде бір ай, басқаларында бір тоқсан, үшіншілерінде бір оқу жылына созылуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе баланың жеке адамдық ерекшеліктеріне байланысты.

Оқудың бірінші жылы баланың мектептегі өмірінің негізін қалайды. Бұл кезеңде оқушы үлкеннің басшылығымен өз дамуында өте маңызды қадам жасайды. Көп нәрсе бірінші сынып оқушысының ата-анасына байланысты.

Соған байланысты ата-аналарға бірнеше кеңес:

1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ – түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері үшін кінәламаңыз.

2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп жұмыс істеу керек болады. Қоштасарда балаға сәттілік тілеңіз.

3. Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз.

4. БҮГІН ҚАНДАЙ БАҒА АЛДЫҢ деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.

5. Оқу машықтарын меңгерудің бастапқы кезеңінде байқалатын кемшіліктерді елеусіз қалдырмаңыз. Балада, мысалы, тіл кемістігі болса, оқудың бірінші жылында қолға алыңыз.

6. Бірінші сынып оқушысының жұмысында міндетті түрде мадақтауға болатын нәрсені іздеңіз. Есіңізде болсын, мадақтау мен эмоциялы қолдау («керемет», «сен өте жақсы орындадың») адамның ақыл-ой жетістігін көтереді.

7. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 – 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт – 15 – 17 сағат аралығында.

8. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 – 20 минут сабақтан кейін 10 – 15 минут үзіліс қажет.

9. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп, қолдау, мақтау қажет.

10. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл – күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.

11. Егер сізді баланың жүріс-тұрысында, оқу істеріне бір нәрселер алаңдататын болса, мұғаліммен немесе мектеп психологінен ақыл-кеңес сұрауға ұялмаңыз.

12. Мектепке келгеннен кейін балаңыздың өмірінде сізден гөрі беделді адам пайда болады. Бұл-мұғалім. Бірінші сынып оқушысының өз мұғалімі туралы пікірін сыйлаңыз.

13. Оқу оңай емес, жауапкершілікті еңбек. Мектепке келу бала өмірін өзгертеді, бірақ оны ойыннан бөлмеу қажет. Ойын жаттығуына керекті уақыт қалуы керек.

Науырзым ОМ педагог-психологі Стамкулова Сымбат Тулеубековна

Редактор

Recent Posts

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

2 дня ago

Шиліліктер Әзім Әбдіркеновке ат мінгізіп, шапан жапты

Абу-Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсудан Әлем чемпионаты өткен болатын (далее…)

2 дня ago

Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…

1 неделя ago

Бірлігі жарасқан берекелі ұжым

Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…

1 неделя ago

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

1 неделя ago

Науырзымдық Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатты

АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

3 недели ago

This website uses cookies.