«Бірге -Таза Қазақстан»
Науырзымдықтар да экологиялық акцияны қолдап, тазалық жұмысына бір кісідей атсалысты
27 шілде күні ауданымызда «Бірге-Таза Қазақстан» атты ұранмен экологиялық акция өткен еді. ҚР Премьер – Министрі А.Ө. Мамин республикалық деңгейдегі экологиялық акция өтуіне бастама берген еді. «Бірге-Таза Қазақстан» экологиялық акциясын науырзымдықтар да қолдап, тазалық жұмысына бір кісідей атсалысты. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан ат салысу, осы арқылы жастарға үлгі көрсету болып табылады.Науырзым ауданы бойынша ауылдық округтерді қоса398 адам қатысты. Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметкерлер, мекеме басшыларымен қызметкерлері, ұйым жетекшілерімен еңбеккерлері мен 11 техника жұмылдырылды.Тек қана көшелермен демалыс орындары ғана емес,табиғат байлықтарымен, қасиетті жерлер, яғниқайың тоғайы, орман алқаптары, бұлақ көзі және «Түркебай ата» мазары тазартылды. Осы тазалық жұмыстары жүргізілген жерлерден 16мың тоннадай қоқыс шығарылды.
«Бұл күні республика бойынша “Бірге – Таза Қазақстан!” экологиялық акция жүріп жатыр. Біз де міне, акция аясында елімізді, кіндік қанымыз тамған жерімізді қоқыстан тазартуға шығып отырмыз. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасатын болады. Осы акцияға қатысып жатқан барлықтарыңызға алғысымды айтамын.» – деді ішкі саясат бөлімінің басшысы Бахыт Сұлтанова.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, тазалық шарасы ауданымызға және барлық аймаққа берер пайдасы зор. Ауқымды жүріп жатқан тазалық акциясына ауданымыздың тұрғындары белсене қатысып, өз үлестерін қосты. Әрине осы табиғаттың ластануы әрі зиянды қоқыстардың жиналуына адамзат себепші екені белгілі. Әсіресе, су немесе шырындардын ыдыстары немесе пайдаланған басқа да заттардын керексіз қалдықтарын айналаға шашпай, өзімізбен ала кетіп жинап жүрейік. Әр адам өзінен, отбасынан табиғатты аялау әрі ластамауды үйренгені нұр үстіне нұр болар еді. Осы бастама қоғамға тәрбие жағынан да тазалық жағынан да пайдасы зор. Сондықтан табиғат ананы қастерлеу әр пенденің міндеті деп ойлаймын.
Дина ФАЗЫЛЖАНҚЫЗЫ
Фотоларды түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31