Білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі

Конференцияда жылдық жоспардың орындалуы, өткен жылдың қорытындысы мен жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды

Мемлекетіміздің барлық салаларындағы қарқынды реформа ғаламдық күн тәртібінде іске асырылып, еліміздің басты байлығы адам дамуына бағытталады.

Сондай-ақ маңызды адам капиталын құрайтын және бәсекеге қабілетті фактор болып табылатын – білім, яғни сапа мен қолжетімділігін арттыру бойынша барлығымыздан нақты әрекетті талап етеді.

26 тамызда ауданымызда «Білім және ғылым» тақырыбында өткен білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі биыл осындай атаумен өтті. Мұғалімдердің мәртебесін арттыру, кадр тапшылығын жою, еңбекақыны көтеру.

Аудан әкімінің қатысуымен өткізілген тамыз конференциясында білім беру саласының қызметкерлерінің осы және тағы басқа өзекті мәселелері талқыға түсті.

Конференцияда жылдық жоспардың орындалуы, өткен жылдың қорытындысы мен жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды.

«Еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – білім саласы. Ол қашан да қоғамымызда айтыла беретін тақырып. Себебі халқымыздың жарқын болашағы тікелей білімді азаматтарға тәуелді екені жасырын емес. 2018 жылы Науырзым ауданының білім беру бюджеті 807 млн 186 мың теңгені құраса, ал биылғы жылы бұл көрсеткіш 2019 жылы 1 млрд 97 млн 260 мың теңгені құрады. Бүгінгі күні ауданда 10 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді: 8 орта мектеп және 2 негізгі мектеп. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы ауданның 2 мектебі мемлекеттік нормативке сәйкес келтірілді. Бұл Өлеңді және Мереке мектептері. 10-11 сыныптар (2 сынып-комплект) қайта ұйымдастырылуға жатады, Өлеңді мектебінің 8 педагогы Жамбыл ОМ құрамына және Мереке мектебінің 7 педагогы Дәмді ОМ құрамына қабылданады. Науырзым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 шілдедегі №60 және №61 Қаулысымен Мереке және Өлеңді ОМ орта мектептен негізгі мектептерге қайта ұйымдастырылды және білім беру ұйымдары желісінің нормативіне сәйкес келеді, 1 қосымша білім беру ұйымы – балалар шығармашылық үйі, 7 мектепке дейінгі білім беру ұйымы (оның ішінде 6 мемлекеттік және 1 жеке меншік үлгідегі бөбекжай-бақша), 1 ауыл шаруашылығы колледжі және педагогикалық – психологиялық түзету кабинеті. 2019-2020 жылдың басына аудан мектептерінде 1336 оқушы, оның ішінде бірінші сыныпқа 135 оқушы барады. Биылғы мектеп түлектерінің саны 99 оқушы. 1 қыркүйектен бастап жаңартылған мазмұн бағдарламасына 4-ші, 9-ші,10-ші сыныптар қосылады, яғни аудан бойынша 326 оқушы қамтылады (4 сыныптарда – 140 оқушы, 9 сыныптарда – 95 оқушы, 10 сыныптарда – 91 оқушы). 2019-2020 оқу жыл мектеп оқулықтары “Науырзым ауданының білім беру бөлімі” ММ 10 баспадан жалпы сомасы 18 432 216 теңгеге 12155 дана сатып алынды. 1 шілдеден бастап “Мектепке жол” акциясы басталды. Өткен 2018-2019 оқу жылында “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы барысында 91 балаға 985 000 теңге көлемінде көмек көрсетілсе. Биылғы жылы “Мектепке жол” акциясы бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылардың 67 балаға жалпы сомасы 1 340 000 теңгеге көмек көрсетілді.
Осы залдағы барлық қатысушыларды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамын! Біздің халқымыздың мәңгілік құндылықтарындағы күші: жақынға, бірлікке, руханилыққа қамқорлық – Елбасының “Рухани жаңғыру”, “Ұлы Даланың жеті қыры” бағдарламалық бастамаларының маңызды негізі» – деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Гүлнар Дускулова өз баяндамасында.

Қостанай облысы әкімдігінің білім беру басқармасы персоналды басқару қызметінің бас маманы Гүлбану Есмагамбетова сөз сөйлеп, облыс бойынша жетістіктерге тоқталды.

Сондай – ақ, аудан әкімі ел мүддесі мен балалардың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететін мұғалімдерге, оларға жасалынатын жағдай мен атқарылатын қызметтің жеткілікті екенін айтты.

Аудан әкімі Талғат Карбозов білім саласына әр қашанда қолдау көрсетіп, көмек қолын созып жүрген жомарт жандар, ауданымыздың меценаттары «Газе Ю.А.» шаруа қожалығының басшысы Юрий Ананьович пен «Шолақсай» ЖШС директоры Мәди Өмірзақұлына «Жомарт жүрек» номинациясының жеңімпаздарына тұғырнама табыстады. Жыл сайын асыға күтетін тамыз конференциясында ерен еңбектің жемісі ретінде ауданымыздың педагогтары ҚР білім және ғылым министірлігінің, облыс және аудан әкімнің, білім басқармасының, білім бөлімінің грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталып, мерейгер ұстаздарға да сый – құрмет көрсетіліп, биылғы жылы келген жас мамандарға сәттілік тіледі.

Мектеп қабырғасынан баланың терең білім мен мықты тәрбие алуына ұстаздардың ықпалы мол екені мәлім. Марапаттау арқылы педагогтардың сіңген еңбегіне алғыс ретінде берілді. Бұл марапаттау кез-келген ардақты ұстаздардың мерейін арттырары сөзсіз.

Осы кеңесте марапатталған педагогтардың өз жұмысына деген сүйіспеншілігі еселеп артты. Өйткені ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбекті елейтін аудан басшылары мен шәкірттері бар.

Жібек МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ
Фотоны түсірген автор
Ауданымызға келген жас ұстаздар
Мерейгер ұстаздарымызға сый құрмет көрсетілді

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық Джейран Валиеваға медицина саласындағы адал еңбегі үшін марапат берілді

Денсаулық сақтау саласына қосқан көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Джайран Валиева «Денсаулық сақтау…

1 неделя ago

Науырзым ауданы: Қарамеңдіде қар тазалау жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қарамеңді ауылдық округінде 2025 жылы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында…

1 неделя ago

Науырзым ауданының үздік оқушылары Президент шыршасына қатысты

Облыс орталығында Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған дәстүрлі Президент шыршасы өтті. (далее…)

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

Науырзым ауданының бас шыршасы жағылды

Аудан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай бас шыршаны жағу рәсімі салтанатты түрде өтті. Мерекелік шараға…

3 недели ago

В селе Уленды Наурзумского района появилось уличное освещение: на шести улицах установили 30 фонарей

Уленды — небольшое село в Наурзумском районе. Это  как тихий островок жизни, где люди заботятся о хозяйстве, продолжают…

3 недели ago

This website uses cookies.