Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдары
Аудан мүғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті
2021 жылдың 16 сәуірі күні Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдары бойынша іс – тәжірибе алмасу мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Аудандық семинарға білім бөлімі басшысы, білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар қатысты. Семинарға қатысушылар «Ұлттық қолөнер – рухани жаңғыру» көрмесін тамашалады. Бағдарлама бойынша ашық сабақтарға қатысты. Қазақ әдебиеті сабағынан Ташмағамбетова Г.Ж. Ж.Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы 10- сынып, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі «Sport in our laife. Спорт в нашей жизни» Абдысалық А.А., Байдильдинова Д.Н. 5-сынып, Математика Баймухамбетова Ж.М. «Қағаз ақша»3 А сыныбы, Биология,химия, география кіріктірілген сабақты 9-сыныптарда « Қазақстанның шаруашылық салаларына жоспар бойынша сипаттама беру. Отын өнеркәсібі» тақырыбында Абдикаримова Н.Б. Минайдарова З.М. Софина Р.Ж. , Кунекеева Д.Н. алгебра және анализ бастамалары 10- сынып «Функцияның сындық нүктелері және экстремумдары», Оспанова М.К. 4- сынып қазақ тілі «Сан есім», Асхат К.А. Қазақстан тарихы 7-сынып Ш.Уалиханов – қазақтың алғашқы ғалымы, «Қазақтың ұлттық ойындары» 4- сынып денешынықтыру пәнінің мұғалімдері ұйымдастыруымен ашық сабақтар өткізілді. Ашық сабақта ұстаздар өздерінің кәсіби біліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Семинардың екінші бөлімінде «Білімді, саналы ұрпақ – болашаққа негіз болмақ» тақырыбында директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған коучинг, мектеп директорларына арналған
«Мектеп мәдениеті, өзгеріс» тақырыбында дөңгелек үстел, психологтар мен әлеуметтік педагогтерге арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында ЕБҚ (ерекше қажеттіліктері бар) оқушыларды психологиялық қолдау» тақырыбында секциялық жұмыстар өткізілді. Семинар соңында қатысушылар Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің 5-11 сыныптары «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына » арналған мерекелік концертті тамашалады. Кері байланыста шақырылған қонақтар өздерінің ыстық лебіздерін, жылы тілектерін білдірді. Осындай ауқымды аудандық іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің ұжымына өз алғысын білдіреді.
Жаркимбаева А.Ж.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Науырзым ауданы білім бөлімі» ММ әдіскері
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31