Білікті маман мен білімді шәкірт аудан мақтанышы
“Триумф” шарасында орта білім беру саласының үздіктері мен олардың ұстаздарына құрметке көрсетілді
Биылғы доңыз жылы мектеп оқушылары үшін де жемісті жыл болды. “Триумфқа” 140 оқушы шақырылды: республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстардың қатысушылары. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қатысуымен өткен “Триумф” шарасында орта білім беру саласының үздіктері марапатталды. Шарада оқушылармен қатар, олардың ұстаздары да құрметке бөленді.
– «Біздің өңірде жаңа ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамыту және спорттық жеңістерге жету үшін көп жұмыстар атқарылуда. Егемендік алған жылдардан бері Елбасымыз үнемі арнайы мектептердегі дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдауларына да ерекше көңіл бөліп келеді. Ол өзінің жыл сайынғы Жолдауында білім саласының маңыздылығын атап өтеді. Сол себепті де бүгін Қостанай облысының көркейіп, нығаюына үлес қосқан, жыл бойы түрлі додаларда көзге түскен дарынды жастарды жинап отырмыз», – деді өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
20 қараша күні Облыстық филармонияда өткен үздік оқушыларды марапаттау рәсімінде біздің ауданымыздың Жамбыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы республикалық «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы Сабыржан Жаңыл облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаевтың қолынан ноутбукпен арнайы «Триумф» мүсінің алса, Жаңылдың ұстазы Жамбыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ташмағамбетова Гүлбану Жұмабекқызы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың құрмет грамотасымен және арнайы сыйлығымен марапатталды.
Жібек Нұрсеитова
Фотоны түсірген Бағдат Ахметбеков
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31