Батпаққаранын жолбарысы атанған Сұлман Осипұлына арналған самбо күресінен республикалық турнир
Қараша айының 1-3 аралығында, Қостанай қаласында 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылдарда туған жасөспірімдер арасында, жерлесіміз жауырыны жерге тимеген палуан Сұлман Осипұлын еске алуға арналған самбо күресінен республикалық сайыс өз мәресіне жетті.
Жарысқа Қостанай облысының командаларымен катар Атырау, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген жас палуандар жүлделерді өзінара сарапқа салды.
Бұл сайысқа ауданымыздың намысын қорғап барған палуандарымызда жүлдесіз оралған жоқ. Атап айтатын болсақ, 60 келі салмақта Аманжол Нұрдаулет алтын медальді иеленсе, осы салмақта Кабдолда Әли күміс медальді жеңіп алды.
Түйе палуандык сайыста Мухтаров Дидар екинши орын алып, күміс медальді мойнына тақты. Алдағы уақытта спортшыларымызға үлкен белестерді бағындыруына тілектеспіз.
А.Утельбаев
Науырзым аудандық балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің казак күресі бапкері.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31