Басты міндет қауіпті дерттің таралуына жол бермеу

Аймағымызда 9 қарашадан бастап енгізілетін санитарлық шектеулерге байланысты кеңес өтті

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.

«Науырзым ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу туралы» аудан әкімі Талғат Карбозов баяндама жасаған болатын. Пандемия басталғаннан бері Науырзым ауданының аумағында барлығы 23
оқиға тіркелді. Қазан айында коронавирустық инфекция фактілері тіркелген жоқ, ағымдағы жылдың қараша айының
өткен кезеңінде коронавирустық инфекцияның 3 жағдайы тіркелді. Оның ішінде ауру белгілерімен – 20 адам, белгілерсіз –3 адам. Барлық 3 науқас үй карантинінде, қарым-қатынастан оқшауланды, байланыста болған 5 адам, барлығының коронавирустық инфекцияның теріс нәтижесі көрсетілген. Осы тұрғыда аудан әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы
арқылы халыққа үндеу жолдаған болатын.

Бүгінгі күні ауданымыздағы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша ауданымызда қаншалықты
жұмыстар атқарылып жатыр. Міне, осы және басқа сауалдарға нақты жауап алу мақсатында, аудан әкімі Талғат Карбозовпен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Талғат Тойшыбекұлы, бүгінде аудандық аурухана панедемияның екінші толқынына қаншалықты дайын және құрал-жабдықтар жетікілікті ме?

– Науырзым аудандық ауруханасы барлық қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Оттегі концетраторы – 7 дана, ӨЖЖ 6 дана, оның ішінде 2 портативті ӨЖЖ, пульсоксиметрлер-7 дана, оттегі баллондары-4 дана. Сондай –ақ жеке қорғану құралдары:

– Қайта пайдалануға болатын костюмдер-34 дана;
– Бір реттік костюмдер-330 дана;
– Инфрақызыл Термометр-4 дана;
– Бір рет қолданылатын маскалар-6000 дана, көп рет қолданылатын маскалар-100 дана;
– Қолғап -3500 мың дана;
– Дезинфекциялық құралдар -1000 де-хлор таблеткалары;
– Антисептик -30 л;
– Санитайзерлер барлығы – 16 дана.
Дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар.

01.09.20 – 09.11.2020 жылдар аралығында ПТР-68 тест алынды, оның ішінде 3 ПТР оң нәтиже көрсетті. Аудандық аурухана жанынан пациенттерге үйде қызмет көрсету үшін медицина қызметкерлерінің мобильді бригадасы құрылды. Науырзым аудандық ауруханасы ағымдағы жылы жөнделген ОАА қабылдау бөлімшесі стационарының жылы ауысуында
20 төсектің эпидемиологиялық ахуалы нашарлаған жағдайда күндізгі стационар базасында қосымша 35 төсек-орынды орналастыруға дайын. Сонымен қатар ауданның барлық 10 білім беру мекемесі 100% барлық қажетті қорғаныш және
дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілген.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қарашадағы №54 қаулысын орындау үшін ауданда ұйымдардың жауапты қызметкерлерінен 4 мобильді топ құрылды және жұмыс істейді (1 мобильді топ оңтүстік
бағытта 6 елді-мекенді қамти отырып, 1 топ солтүстік бағытта 3 елді-мекенді қамти отырып, 2 топ аудан орталығында). Жеке қорғанысты ұйымдастыру үшін мобильді топтар барлық қажетті құралдармен, соның ішінде жеке қорғану құралдарымен жабдықталған.

Аудан орталығында және ауданның ауылдық округтерінде ішкі істер органдарының қызметкерлері, медицина қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдармен жергілікті полиция бөлімі қызметкерлері қатарынан патруль
күнделікті негізде қызмет
атқарады.

– Бүгінде, өзіңізге белгілі карантин талаптары жайлы ақпарат көздері бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары қалай
жүргізіліп жатыр?

– Жергілікті БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, мониторингтік топтардың жұмысына қоғамдық пікір көшбасшылары, халық арасында құрмет пен беделге ие адамдар видео үндеу жолдап, үйде отыруға, карантин талаптарын сақтауға шақыруда. Жыл басынан аудандық «Науырзым тынысы» газетінде 20-дан аса
мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде 1000-нан астам посттар орналастырылды, аудан әкімдігінің реми сайтында 57 материал жарияланды.

Мониторингтік топтардың жұмысы басталғаннан бері барлығы 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 500 мың 040 теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынды. Ағымдағы жылдың 22 қазаны мен 11 қарашасы аралығында мониторингтік топтар 35 рейд жүргізді, 155 нысанды қамтыды, 11 карантин талаптарын бұзушылық анықталды.

Ағымдағы жылғы 7-10 қараша аралығында 20 рейд жүргізілді, 85 нысан қамтылды, 10 бұзушылық анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша жеке тұлғаға 208 мың 350 теңге сомасына 5 айыппұл салынды, тағы 6 әкімшілік материал қаралуда. Рейдтік тексерулер барысында, объектілерде және халық арасында шектеу және санитариялық – эпидемияға қарсы талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауда. Осы жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы
тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Құрметті науырзымдықтар, «Саулық – сақтықта» – демекші, карантин талаптарын қатаң сақтайық. Жақындармыздың, өзіміздің денсаулығымызды әрдайым бірінші орынға қойып, сақтанып жүрейік

Айбек ТАҢАТБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Ұстаздар арасында дәстүрге айналған “Қалдырған ізің мәңгілік” атты V аудандық турнир өтті

2024 жылдың 14 қарашасында ауданымызда Жамбыл орта мектебінде 30 жыл басшы болып қызмет еткен және…

6 дней ago

Бірлігі жарасқан берекелі ұжым

Биыл 15 қарашада Қазақстанның мемлекеттік егемендігінің маңызды атрибуттарының бірі – «Ұлттық валюта» теңгеге 31 жыл…

6 дней ago

Әзім Әбдіркенов Абу-Даби қаласында Әлем чемпионы атанды

Абу -Даби қаласында қараша айының 10-11 күндері джиу-джитсийдан Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемның түкпір түкпірен…

1 неделя ago

Науырзымдық Ерлан Омаров АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында көк байрағымызды көтеріп, әнұранымызды шырқатты

АҚШ- тың Лас-Вегас қаласында дзюдодан күрес шеберлері арасындағы әлем чемпионатында 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде…

2 недели ago

Науырзымдық қорықшыларға құрмет көрсетілді

Жыл сайын Қазақстанда қазан айының үшінші жексенбісі орман шаруашылығы күні атап өтіледі. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.