Бас шырша шамы жағылды
2019 жылдың 23 желтоқсанында өткен салтанатты шараға ақ тілек арнау үшін аудан әкімі Талғат Карбозов арнайы шақырылды
Аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат хатшысы, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері шырша маңында бас қосып, ұстаздар мен мектеп оқушылары, аудан халқы көп жиналды.
Әуелеген әнмен ашылған салтанатты шарада аудан әкімі сөз алып, жиылған жұртшылықты келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтады. Ағымдағы жылдың еліміз үшін көптеген айтулы оқиғаларға толы болғанын, Президент тапсырмаларына сәйкес ауданымызда да, бірқатар істер атқарылғанын айтып, келер жылда да аудан мерейінің арта түсуін тіледі.
Мерекенің маңызды кейіпкері Аяз ата мен Ақшақар жиналған көпшілікті Жаңа 2020 жылмен құттықтап ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен, Бас шыршаны жағу құрметі Жамбыл орта мектебінің оқушысы Сабыржан Жаңыл мен Докучаев орта мектебінің оқушысы Иманғалиева Жанельге бұйырды.
Жарқыраған шыршаның ажарын түрлі-түсті болып жанған шамдар мен ойыншықтар аша түсті. Мұндай кереметті тамашалаған көпшілік қауым Аяз ата мен Ақшақардың қолдарынан ұстап, мәз-мейрам болып, шыршаны айнала жүріп әнге салды.
Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып, ән шырқап, би билеген ертегі кейіпкерлері жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Тұрғындар мен шырша шамының жағылу рәсіміне арнайы келген қонақтар мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Одан соң, аудан өнерпаздары айналасына жарық нұрын шашқан зәулім шырша жанына жиналған аудан тұрғындарын әсем әнге бөледі.
Өз тілшіміз
Фото аудандық әкімдік сайтынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31