
Балабақшада Қазақстан халқының бірлігі күніне мерекелік шара өтті
Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бұл ұйым 1995 жылы құрылып, елдегі түрлі этностар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды институтқа айналды.
Оның басты мақсаты – елімізде барлық этностар мен ұлттардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, қоғамдық келісімді қолдау және мәдени көптүрлілікті сақтау.
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы «Балырған» бөбек-жай балабақшасында «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта мерекелік іс-шарасы болып өтті. Бұл айтулы шараның орны бөлек, бүгінгі мереке – қоғамымыздың ең үлкен күші байлығы және болашағы – бірлік мерекесіне арналып отыр. Татулығы мен ынтымағы жарасқан ауданымызда 10-нан астам ұлт өкілдері ынтымағы жарасып, бірлікте өмір сүруде. Олардың Отаны біреу – ол тәуелсіз Қазақстан деп біледі.

Ынтамығы жарасқан мерекеге орай балабақшада өткен шараның негізгі мақсаты балалардың бірлік, ынтымақ, татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға атсалысатын азамат болуға тәрбиелеу. Елімізде халықтардың ынтымақта, бірлікте тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету болып табылады. Тәрбиеші апайлар мен балалар ұлан-ғайыр еліміздің әнұранын шырқады. “Көгершін” орта тобының тәрбиленушілері өздерінің жаттап келген тақпақтарын айтып, “Қара жорға”, “Өзбек биі” және “Орыс биін” билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді.

Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнап, жасырынған тулардың арасында еліміздің көк туын тауып патриоттық сезімдерін көрсетті. Сонымен қатар бүлдіршіндер бейбітшілік құсын аспанға ұшырып, мәз-мәйрам болды. Мұндай мерекелер мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуына белсенді әсер етіп, адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, балалардың өз дағдыларын, қабілеттерін, шығармашылық бастамаларын көрсетуге мүмкіндік береді.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров