«Ауыл аманаты»: Дархан Есенбаев жылқы басын көбейту үшін 7 миллион 150 мың теңге қаражат алды

Дархан Есенбаев «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жылқы басын көбейту үшін 7 миллион теңгеден астам қаражат алды.

Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайтын 5 жыл мерзімге берілетін несиені алған Қожа ауылының тұрғыны былтырдан бастап осы кәсіпке отбасымен бірге бет бұрған екен. Дарханның мақсаты – дархан далада жылқы басын көбейту.

«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы туралы естіп, құжат жинап тапсырдық. Осы орайда бізге кеңес беріп, осындай бағдарлама бар екенін түсіндіріп жеткізген ауыл әкіміне көп рақмет айтамыз. Бес жылға алынған 7 млн 150 мың теңге қаражатқа 12 бас Қамбар ата түлігін сатып алдық. Алғашқы екі жыл несие төлемейміз, себебі бизнестен пайда көргенше демалыс беріледі екен. Мақсатымыз анық – жылқы басын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Былтыр жазда он екі бас ұрғашы малды әкеліп бағып қағуда», – деп Дархан өз ойымен бөлісті.

Ойға алған шаруасы оңынан болса, кәсіпкер өздерінің әл-ауқатын арттырумен бірге елдің ақ дастарқанын адал аспен толтырамыз деген жоспарын да жасырмады. Яғни, мамыр айы басталысымен бие саууды бастамақшы.

Дархан – үйдің екіншісі. Науырзым еліне танымал Есенбай ақсақалдың немересі. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде мал дәрігері мамандығын бітірген. Көрші Шилі ауылында мал дәрігері маманы болып жұмыс істеді. Шаңырақ көтерген соң үйге оралды. Қазір төрт баласы бар. Бұған дейін де бұл әулет өз қолдарындағы жеті биесін байлап, қымыз баптап келді. Өнімнің литрін ауылдықтарға 1000 теңгеден сатады. Мамыр басталысымен қара күзге дейін бие сауып, соны үлгертеді.

Былтырдан бастап «Дархан» жеке кәсіп иесі біржола шаруашылық саласына бет бұрды. Әкесі Марс та заманында мал дәрігері маманы болып еңбек етті. Өз құрығын ұлына ұстатты. Баласының кәсібінің оңынан болуына ақылын айтып, тілектестігін білдіріп отыр.

«Арғы атамыз осы жерде өз қолымен үй салған, малмен бірге, бағбаншылықпен де айналысқан. Бақшасында барлық жеміс-жидектер өсетін. Қазір ол жұмысты анасы жалғастырып отыр. Алманың бірнеше сорты бар», – дейді жас кәсіпкер.

Кез келген ауыл баласы секілді Дарханның да жылқыға деген ықыласы ерекше. Асауды өзі үйретеді. Мал дәрігері болған соң ауырғандарын өзі емдеп алады. Жылқы малын бағудың ауыртпалығы аз. Көп шығын әкелмейді. Қыс жайлы болса, далада тебіндей береді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Әбіл Досжанов.

Редактор

Recent Posts

Науырзымдық дихандар егіс алқабын «межелі уақытта аяқтаймыз» дейді

Қар еріп, көктем келе төгілген күн нұрынан жер сызы кетісімен, дала төсінде көктемгі егіс жұмыстарына…

6 дней ago

Житель Наурзумского района Мурат Хамза одержал уверенную победу в шахматном турнире, проходившем в городе Костанае

В турнире приняли участие государственные служащие, депутаты, журналисты, а также члены общественных советов. (далее…)

2 недели ago

В селе Буревестник Наурзумского района в этом году будет реконструировано 3,05 километра внутрипоселковых дорог

В 2019 году в Республике Казахстан по инициативе Первого Президента страны Нурсултана Назарбаева была запущена…

2 недели ago

Балабақшада Қазақстан халқының бірлігі күніне мерекелік шара өтті

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бұл ұйым 1995 жылы құрылып, елдегі түрлі…

4 недели ago

Возле жилого дома в селе Шолаксай Наурзумского района жители обнаружили змею

Аким села Роза Оспанова отметила, что причин для паники нет. (далее…)

4 недели ago

Ауданымызда “Кітапхана түні – 2025” акциясы өтті

Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты елімізде жаңа мереке!  (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.