Ауданымыздың полиция қызметкерлері марапатталды

Елдегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтап, беріктікті нығайту мақсатында құрылған қазақстандық полиция қызметі бұл күндері тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді

Олардың қатарында, Науырзым ауданының полиция қызметкерлері де бар екендігін мақтанышпен айта аламыз. Отанымыздың, ел аумағының бүтіндігін сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз етуді, халықтың тыныштығын алатын лаңкестерге қарсы ұйымшылдықпен күресуді, мемлекетке қауіп төндіретін кез-келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұруды мақсат еткен полиция қызметінің ел өміріндегі алар орны орасан зор.

Ел тыныштығы үшін тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегі елеусіз қалмас үшін, 18-маусым күні ауданымызда полиция қызметкерлерін марапаттау салтанатты жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі Қайрат Әбішев, Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысының орынбасары Ардақ Ынтықбаев, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, жеке бөлім басшылары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Іс-шараны облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев ашты.

– Бүгінгі іс-шара Қазақстан полициясының құрылғанына 29 жыл толуына орай және Президенттің “Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты”атты Жолдауын іске асыру аясында өтуде. Полиция үшін басым міндеттердің арасында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету, жариялылық пен ашықтық қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша бірлескен іс-қимылдарды әзірлеу айқындалған. Бұл үдерісте ұлт тарихы мен батырлардың үлгісіне негізделген патриотизм мен идеологиялық тәрбиеге үлкен мән беріледі, — деп атап өтті полиция полковнигі.

Іс-шара барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерге құрмет грамоталары мен ведомстволық наградалар табыс етілді. Олардың арасында, қоғамдық тәртіпті қорғаудағы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қылмысқа қарсы күрестегі жоғары көрсеткіштері үшін және Қазақстан полициясы күнін мерекелеу құрметіне Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен: полиция майоры, Науырзым аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Сабыржанұлы және аға лейтенант, учаскелік инспектор Нұржан Базарбайұлы марапатталды.

Қызметтік міндеттеріне адал көзқарас үшін, сондай-ақ Қазақстан полициясы күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күнін мерекелеуге байланысты Қостанай облысы полиция департаментінің Құрмет грамотасымен – аға инспектор, Науырзым аймағы полиция бөлімінің кезекшісі Азамат Жексембайұлы және Қостанай облысы полиция департаментінің алғыс хатымен аға лейтенант, Науырзым аудандық полиция бөлімінің тергеу тобының тергеушісі Шандос Ерденұлы марапатталды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы полиция күнін» мерекелеуге байланысты және қызметтік міндеттерін орындауға саналы көзқарасы үшін Науырзым ауданы әкімінің құрмет грамотасымен – полиция капитандары Айбар Қасымов, Жарқын Нұрғалимов, Ғалымжан Қошқаров марапатталды.

Ауданымыздың барлық полиция қызметкерлерін аудан әкімі Қайрат Әбішев құттықтады. Және де аудандық мәдениет үйінің қызметкері Сәулет Мырзатаев Қостанай облыстық полиция департаментінің музейіне макет сыйға тартты.

Жиын соңында Науырзым аудандық мәдениет үйінін ән шашуын тындап, сондай-ақ, тәртіп сақшыларының облыстық орыс драма театрымен бірлесіп ұсынған “тыныштыққа құқықсыз” деректі-драмалық композициясын тамашалады.

Айгүл САБИТБЕКОВА

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

1 неделя ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

1 неделя ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

1 неделя ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.