Ауданымыздың оқушылары өзара сайысқа түсті
Көктем … Шуақты көктем, шұғылалы көктем. Гүл. Көктем шығысымен олар жер ананың төсін гүлге орайды. Біздің ата-бабаларымыз «жердің көркі – гүл» дейді емес пе? Десек те, гүлдің де гүлі бар. Көктемгі бақтың ең әйгілі гүлі – қызғалдақ
Осыған орай мамыр айының 5 күні “Парктер шеруі – 2021” халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы мұражайында “Көктем көркі қызғалдақ” атты байқауы өткізілді. Жыл сайын өткізілетін акцияның негізгі мақсаты, жастарымызды қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жауапкершілікпен қарауға шақыру. Мерекелік іс-шараға ауданымыздың жалпы білім беретін екі орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысып, өзара сайысқа түсті.
Сайысқа қатысқан 2-бірдей команда да жоғарғы деңгейде өз өнерлерін көрсетті. Яғни, тақырыпты кеңінен зерттеп, әділ қазылар алқасы тарапынан қойылған талаптардың барлығын дерлік бұлжытпай орындап шықты. Яғни, қатысушылар әрбір қызғалдақ гүлінің тарихына тереңнен бойлап, әсем гүлдің бар болмысын көпшілікке баяндады, – дейді ұйымдастырушы Жанат Шалдыбаева
Байқаудың 1-сайысы бойынша мектеп оқушылары өз топтарын таныстырып, керемет дауыстарымен көрермен назарына ие болды.
2-сайыс Қолөнер сайысы (оқушылар керексіз заттардан қызғалдақ жасап, оны неден жасалғаның түсіндіріп өтіп, қазылардың жоғары бағасына ие болды.
3-сайыс Қызғалдақ тақырыбына көрініс қойып, көрермендерді таң қалдырды және сән үлгісін көрсетіп қазылардың 5 деген жоғары бағасына ие болды.
Сайыс соңында жеңімпаз командалар анықталып, марапатқа ие болды. Науырзым қорығының экоағарту бөлімінің мамандары сайысқа қатысушыларды бағалы сыйлықтармен ал жетекші ұстаздарын алғыс хатпен марапаттады.
Молдахметов Абай
Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31