Ауданымыздың намысын қорғаған спортшыларымыз республикалық турнирден жеңіспен оралды
26-28.09.2019 ж. Қостанай қаласында 2004 – 2006, 2007 – 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен спорт ардагері және еркін күрестен жаттықтырушы Бекбосынов Ө.М. құрметіне арналған республикалық турнирі өтті.
Оған Россия (Саха-Якутия), Нұр-Сұлтан, Маңғыстау облысы, Атырау қаласы, Ақтөбе қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Житикара ауданы, Ұзынкол ауданы, Қамысты ауданы, Қостанай ауданы, Қарасу ауданы, Сарыкөл ауданы, Науырзым ауданының палуандары қатынасты.
Бұл жарыста 260-ға жуық жас палуандар қатынасып, 2 күн бойы кілемде күш сынасып жүлделі орындарға ие болды.I – орын Аманжол Нұрдәулет (60 келі), II – орын: Сұлтанбеков Бексұлтан (41 келі);
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы мадақтама қағазы, медаль, кубокпен марапатталды.
Аманбаев Қ.Қ., Серкебаев Н.Т.
Науырзым аудандық балалар-жасөспірімдер
спорт мектебінің еркін күрес бапкерлері
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31