Ауданымыздың барлық білім ошақтарында алғышқы қоңырау үні соғылды
Оқушылардың ала жаздайғы асыр салып ойнаған, бірі қалаға, бірі демалыс орындарына барып тыныққанмерзімдері аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Бала үшін мектеп үлкен өмірге алып кірер киелі босаға болса, ата-ана үшін ол ұрпағына қатысты ең асыл арманына үміт жалғайтын қасиетті ұғым. Сондықтан да халқымыз қашан да білімнің парқын түсіне білген.
Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек –«Білім күні» мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Жаңа оқу жылы басталар айтулы күнде Шолақсай орта мектебіндегі салтанатты жиынға және ІТ – кабинетінің ашылуына ауданәкімі Талғат Тойшыбекұлы, білім бөлімінің басшысы Гүлнар Чайхисламқызы, ауыл әкімі Надежда Киселова қатысты.
IT-кабинеті «Рухани Жаңғыру» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ашылды. Цифрлық инновациялардың әлеуетін тиімді пайдалану біздің уақытымыздың ең негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.IT-кабинеті осы мектептің барлық балаларына осы бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мектеп оқушылары заман талабына сай робототехника, модельдеу, бағдарламалау, ақпараттық және коммуникациялық технология негіздерін меңгере алады, бұл өз кезегінде олардың жеке қабілеттерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Әнұранмен ашылған алғашқы қоңырау салтанатты шарадааудан басшысы барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытты жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдіріп, 1 сынып оқушыларына Елбасымыздың сыйлығын табыс етті.
Осындай айтулы күні Шолақсай орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Ихтиляпова Бақытгүлім Бахытбекқызы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қалмағамбетова Маржан Амандыққызына аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы «Қазақ жерінің үздік мұғалімі» медальімен, педагогикалық еңбектің шебері атағын берді.
Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін егемен елдің болашақ ұрпақтары, мектепке енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушыларыжалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.Оларға мектеп бітіруші түлектері қанаттарының талмауын тілеп, сыйлықтарын табыс етті. 1 сынып оқушылары әдемі «Флеш моб» биін билеп, қонақтарды тамсандырды.
Жиын барысында көптен күткен күміс қоңырау соғылып, білім ордасының тәжірибелі ұстаздары мен білікті мамандары оқушыларды білім нәрімен сусындататын болады.
Жібек Мырзағалиқызы
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31