Ауданымызда жігерлі жастардан құралған футбол командасы
Соңғы жылдары ауданымыздың спорт бағытындағы жетістіктерімізді айтпасада анық мәселе! Деседе еліміздің намысшыл, алғыр азаматтары аудан спортының еңсесін көтеру мақсатында бірқатар шаралар жасап жатыр! Сол азаматтардың ішінде қазақ күресін дамытуға сүбелі үлес қосып жатқан Исмагулов Сағдатты жеке дара айтып өтсе болады. Сол кісі іспеттес аудандағы футбол спортын дамытуға күш салып жатқан жастарда баршылық!
Қазақ күресі секілді ауданымызда кенжелеп қалған спорт түрлері баршылық! Тұнық ойдың ашығын айтар болсақ бұл футбол спорты! Міне жақында ғана, аудандағы футбол спортың дамыту мақсатында “Dana-Bike” футбол командасы ашылды! Бұл команданың ерекшелігі Республикалық, облыстық деңгейдегі сан алуан жарыстарда аудан намысын қорғай алатын дәрежеде, сондай ақ үкілеген үмітпен зор мүмкіндікке ие! Команданың өз алдына қойған үлкен мақсаттардың бірі Науырзым футбол құрамасын «Тың2020» облыстық спартакияда жартысына жолдама алу болып табылады!
Айта кетейік аудан футболы әлі күнге дейін бұл шыңды бағындыра алмай жатыр! Кезінде ауданға белгілі бапкер Құлатаев Ерлан біршама шәкірттерді баптап шығарған болатын! Міне бүгін сол бапкердің шәкірттері Әлемдегі нөмір 1-ші спортты, ауданымызда дамыту мақсатында осы бір жалынды команданы құрып отыр!
Тіпті бұл команданың құрылуына аудан әкімі Талғат Карбозовта өз қолдауын көрсетіп жатыр. Себебі “Жастар жылы “қарсаныңда жастардың бұл бастамасы құптарлық іске жататыны айдан анық! Айтқандай дәл қазіргі күндері “Дана-Бике” футбол командасы футболдан қала біріншілігінде аудан намысын қорғап жатыр!
Жастардың осы бастамасын құптап сәттілік тілеп қойсақ нұр үстіне нұр болар еді ағайындар! Себебі салауатты өмір салтын ұстану қазіргі жастармызға шоқтығы биік факторлардың бірі болып табылатыны сөзсіз!
Жаукен Боранбай
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31