Ауданымызда тұңғыш рет өткен рухани іс шара

Қарашаның 15-ші жұлдызында аудан орталығында алғаш рет Жерлестер форумы ұйымдастырылды.

Форум Түркебай ата мешітінде аруақтарға құран бағыштаумен бастау алды.

Форум қатысушыларына ауданымыздың көрікті жерлерімен қатар қазақ халқының құнды жәдігері саналатын киіз үй, киіз үй ішінде жабдықталатын ұлттық нақыштағы қол өнер заттары мен Ертай қажы жылдар бойы жинаған мұрасын көрсетті.

Одан соң аудандық кітапханада ашылған өлкетану мұражайымен таныстырылды. Кейіннен форумаға келген жерлестерімізге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған Жамбыл орта мектебіндегі робототехника кабинеті көрсетілді.

Аталмыш іс-шара барысында аудандық кітапхана, балалар шығармашылық үйі, Жамбыл орта мектебі көрме ұйымдастырып, келген қонақтарымызға таныстырды.

Ауданымыздың ең басты құндылығы – Науырзым қорығы екені барлығымызға аян.

Аң-құстардың қорғалатын мекеніне айналған жер де біздің жергілікті мекенімізге әр беретіндей.

Жерлестер форумын ауылшаруашылық саласының қызметкерлері күнімен бірге атап өту жайдан – жай емес. Себебі өзімізге белгілі біздің өңір астықты мекен. Аудан әкімінің орынбасары Қабидолла Орманов «Ауыл шаруашылық саласының 2019 жыл қорытындылары» бойынша баяндама жасады.

Сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен өңір басшысы құттықтап, үздіктердің үздігін марапаттады. Сонымен қатар аудан басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жерлестер форумы аясында «Жомарт жүрек-2019» сыйлығының иегерлерін марапаттады.

Атап өтсек: Ихтиляпов Өмірзақ Бекділдәұлы – «Жыл тұлғасы» номинациясы, Даниленко Олег Владимирович және Оджахвердиев Ахад Мамедович – «Туған өлке» номинациясымен марапатталса, Алдажуманов Сержан Иманғалиұлы, Буга Павел Иванович, Қалмақов Ерлан Болатұлы, Кошкодан Сергей Иванович, Торхов Олег Юрьевич, Әбдуахит Дархан Тайғараұлы сыңды бірқатар азаматтарымызға аудан әкімі алғыс хат табыс етті.

Шара соңында аудан әкімі жерлестерге үндеу жариялады: «Құрметті Науырзым ауданының тұрғындары, тумалары, кәсіпкерлері, ауыл шаруашылық саласының мамандары, жерлестер! Сіздерге осы форум аясында үндеу жариялағымыз келіп отыр.

Әрбір адамға өзінің кіндік қаны тамған туған жері ыстық. Біз туып-өскен өлкеміздің тағдырына бейжай қарай алмаймыз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырып отырған «Туған жер» кіші бағдарламасы Науырзым ауданында да қарқынды жүргізілуде. Қоғамда үлкен серпіліс туғызған бұл шара науырзымдықтардың жұмыла көтерген жүк жеңіл деп, елге деген патриотизмнің нақ үлгісін көрсетуге мүмкіндік берді».

Дәл осы сөздермен өз үндеуін бастаған аудан басшысы барша жерлестерден өз туған жерінің көркеюне ат салысуға шақырды.

Жерлестер Форумына орай Науырзым ауданының тумасы, жерлесіміз, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлының ұйымдастыруымен Е.Өмірзақ атындағы Қостанай облыстық филормония ұжымының концерттік бағдарламасы форумның сәніне айналды.

Айтулы күнде желестер форумы аясында қазақ күресінен аудандық турнир өтті. Турнирде Науырзым ауданының әкімі Талғат Карбозов, қазақ күресінің әлем чемпионы Ерлан Омаров және «Хабар» телеарнасының журналисті, жерлесіміз Дархан Әбдуахит төбе көрсетті.

Жұлдыз Таңатқанқызы

Редактор

Recent Posts

«Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде 1 мамыр - Қазақстан…

4 дня ago

Праздничным концертом в Наурзумском районе отметили 70-летие целины

18 апреля в стенах Докучаевской общеобразовательной школы прошло мероприятие, посвященное целинникам - людям, которые не…

2 недели ago

На мосту в Наурзумском районе образовалась трещина

14 апреля 2024 года на автодороги областного значения КР -20 Аулиеколь-Жолдама на мосту находящегося в…

3 недели ago

«Ауыл аманаты»: Дархан Есенбаев жылқы басын көбейту үшін 7 миллион 150 мың теңге қаражат алды

Дархан Есенбаев «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жылқы басын көбейту үшін 7 миллион теңгеден астам…

4 недели ago

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді

Қарамеңді Раздольный-Аралкөл бағытында жүретін обоыстық маңызы бар автожол 9 сәуір күні қалпына келтірілді (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.