
Ауданымызда “Кітапхана түні – 2025” акциясы өтті
Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты елімізде жаңа мереке!
Бұл, әрине кітапсүйер қауым үшін тамаша жаңалық! Ұлттық кітап күнің енгізу халық арасында оқуды насихаттауға ықпал етеді. Жастар арасында оқуға деген сүйіспеншілікті арттыру – бұл білім, мәдениет және руханият мемлекеттік деңгейде басымдыққа айналатын Қазақстанның болашағына қосар үлес. Президентіміз кітап ұлттық зияткерлік және мәдени прогрестің негізі деп атап өткен.
23 сәуір Ұлттық кітап күні аудан орталығындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен кітапсүйер қауымға “Кітапхана түні-2025” акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты – кітапхана оқырмандарымен кәсіби ынтымақтастық құрылымдарда қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар оқуды насихаттау және бос уақытты мазмұнды өткізуде жаңашылдыққа іздену.

Кітапхана фойесінде келген қонақтарымызға арналған әртүрлі жанрдағы кітаптардан жасалған “Білім құдығы” көрмесі жасалған екен. Онда оқырмандарға құдықтан алынған сұрақтар жасырынғанс срл сұрақтарға жауап беріп жатты. Сонымен қатар келушілерге арнайы фотозона орнатылған. Шилі ауылынан келген Шилі ауылдық кітапханасынның кітапханашысы Гүлжазира Бірмағанбетова кеш қонақтарына Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арнайы безендірілген “Абай сөзі – қазақтың бойтұмары” атты әдеби-танымдық алаңмен таныстырды.
Ұлттық кітап күні ауданда өткен “Кітапхана түні-2025”Шилі ауылынан Ұлы Абайдың 180-жылдығына әдеби-танымдық алаң әкеліп, көрме-инсталляция жасадық. Мақсатымыз кітаптың мәртебесін көтеріп, ұлықтау, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Рухы биік, орақ тілді, қазақтың мұңын мұңдап, арманы мен аңсарын айтып, сөзін сөйлеген қазақ халқының қазынасы, ұлт мақтанышы хәкім Абайдың көрмеге 45-қара сөзі, әлем мәдениетіне қосқан үлесін айқындайтын және де ұлы ақынның шығармашылығына сүйене отыра өзіміз жасаған “Абайдың кісілік кодексы” атты инсталляция қойылды. Аса қызығушылықпен келген қонақтар мен балалар Абайдың өмірі мен шығармашылығы тақырыбынан ребустар шешіп, интеллектуалдық қабілеттерін көрсете білді. Сонымен қатар “Кітаппен болашаққа”атты стендіміз үндеу ретінде жасалып, келген барлық қатысушыларды болашақтарын кітаппен байланыстырып, кітаптан алған біліммен Абай атамыздай ұлылардың шексіз даналық мұрасымен жетілдіріп, жоғары белестерді бағындыруға шақыру ретінде жасалып отыр. Көрмеміздің көкжиегін келтірген Шилі мектебінің оқушылары дана Абайдың шығармаларын терең ықыласпен оқып, келушілердің көңілін жаулады. “Болмасаң да ұқсап бақ”, -деп Абайдың өсиетін тындайтын құлақ, ұғатын сана, оқитын бала болса талай ұрпақтың санасына рухани азық болып, озық ойлы жастарымыздың қатары арта түсетініне сенімдімін!, – деді Гүлжазира Бірмағанбетова.

Сонымен қатар, кішкентай оқырмандарға арнап “Кітап-кино” ұйымдастырылды. Қолөнерді жақсы көретін оқырмандарымыз «Шығарманың ғажайып әлемі» атты мастер-классқа қатысып, түрлі түсті қағаздардан түрлі бұйымдар жасады. Кітапханың екінші қабатында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тақырыпта болды. “Дала асханасы” келушілерге соғыс кезінде қолданылған түрлі ыдыстарды көрсетіп, сол кезеңнің ас мәзірін ұсынды. Келген оқырмандарға “Соғыс сәттері кітаптың жадында” кітап арқылы соғыс жолдарын тануға арналған квест-ойын болды. «Соғыс. Ерлік. Мәңгі есте» – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған блок. «Батырлардың жүздері» – Науырзым ауданынның соғыс ардагерлерінің суреттері мен өмірбаяны қойылған стендтен оқырмандарымыз өз аталарын көріп мақтанып жатты. «Дамыл алуға тоқтау» – әскери әндерден караокемен әндер шырқады.
“Кітапхана түні-2025” акциясына келген әр келуші өздерінің ізгі лебіздерін білдіріп, естелікке фотоға түсіп жатты. Кітап оқитын білімді жастарымыз көп болсын.
Жібек Мырзағали
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
2 просмотров