Ауданымызда аға буын өкілдерінің арасында шахмат пен дойбы ойындарынан жарыс өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Ауданда жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке карантин талаптарының өзіндік шектеулері болса да, өз деңгейінде аталып өтілді.

Мереке күні жақында есігін айқара ашқан ардагерлер орталығында ауданымызда әр салда қызмет атқарған ардагерлер бас қосты. Бас
қосудың басты мақсаты халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, орталықта аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен шахмат және дойбы ойындарынан жарыс өтті.

Жарыс басталар алдында сөз алған Науырзым ауданының әкімі Талғат Тойшыбекұлы:

– Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Қарттар үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған игілікті істер әлі де жалғаса бермек. Дей тұрғанмен, жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету тек мемлекет тарапынан ғана емес, бүгінгі жас буынның басты парызы. Қоғам тіршілігіне тынымсыз араласу бүгінгі қарттарымыз тарапынан тұрақты үрдіске айналды. Сондықтан да, бүгінгі күнгі барлық құрмет, шынайы тілек пен ақ ниет қарттарға сіздерге арналмақ. Денсаулықтарыңыз мықты болып, қуаттарыңыз қайтпай, халықтың ортасынан табыла бергейсіздер. Сіздерге әулеттеріңіз арасында қуаныш пен шаттыққа бөлене берулеріңізге тілектеспін, – деді.

Қазақ елі – қарттарды қадірлеп өскен ел. Ауданымызда жыл сайын ардагерлерімізге қолдау білдіріп, үй аулаларын қоқыстан тазартып, қысқы отындарын кіргізіп, қалың қарын аршып, қол жәрдемін беріп жүрген жастарымыз аз емес. Сол аудан жастарының басын қосып, ұйымдастырып жүрген жастар ресурстық орталығының директоры Сүлеймен Жұман да ардагерлер орталығына келіп, аға буын өкілдеріне өзінің құттықтауын жеткізіп, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытжан Мұттақовқа естелік сыйлық ретінде сый-сияпат жасады.

Аудан орталығында жиналған ардагерлеріміз бір сағатқа жуық орталықта болып, өзара әңгімелесіп, ғимарат ішін аралап, қарттарымыз естелік суреттерге түсіп, тарихи әңгімелерді де қозғады.

Шахмат ойынында жүлделі бірінші орынды Алексей Бодырев, екінші орынды Сертай Ахметов, үшінші орынды Жұмағали Жүргүмбаев және дойбыдан Мұхамбетқали Өтегенов, Үкіжан Шолдыбаев, Қайрат Байдилдиновтар жеңіске жетіп, арнайы медальдармен, грамоталарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен инстаграм әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы мәдениет үйінің өнерпаздары Сәулет Мырзатаев, Балмекен Шәкібаева, Роза Мырзатаева, Ғаухар Әменова, Гүлден Жиенбаева, Төлеби Молдакәрімдер «Әке – ана», «Не жақсы», «Шәмшінің әндерінен попурри», «Апау» «Дорогие мои старики», «Ерке сылқым», «Алғыс», «Жүрегім жүрегіммен егіз бе еді» әндерін нақышына келтіре орындап, күмбірлете күй шертті. Осылайша олар әлеуметтік желіде аудан тұрғындарына әннен шашу шашты.

Айбек ТАҢАТБАЕВ

Редактор

Recent Posts

Ауданымызда Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні (далее…)

4 часа ago

«Достық әнін шырқайық» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының қатысуымен Докучаев жалпы білім беретін мектебінде 1 мамыр - Қазақстан…

6 дней ago

Праздничным концертом в Наурзумском районе отметили 70-летие целины

18 апреля в стенах Докучаевской общеобразовательной школы прошло мероприятие, посвященное целинникам - людям, которые не…

3 недели ago

На мосту в Наурзумском районе образовалась трещина

14 апреля 2024 года на автодороги областного значения КР -20 Аулиеколь-Жолдама на мосту находящегося в…

3 недели ago

This website uses cookies.