Аудандық кітапханада латын қарпінен жалпы қазақстандық диктант жазу шарасы өтті

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын қарпіне көшіру туралы айтқан болатын.

Елбасымыз берген тапсырмасын қолдау мақсатында диктант жазуға 50-60-қа жуық мекеме қызметкерлері қатысып өз деңгейлерін көрсетті.

Шараның негізгі мақсаты – латын графикасындағы қазақ әліпбиін іс жүзінде қолдануға бейімдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латын графикасындағы қазақ тілін меңгеру және тіл үйренуге қызығушылықты арттыру.

Латын қарпінде “2019 jyl Jastar jyly” тақырыбында 155 сөзден тұратын диктантты 40 минутта жазып аяқтап шықты. Латын тілінде диктант жазуда аса қиындық болмаса да, кейбір қазақша әріптерінің латын үлгісінде жазылуы әжептәуір қиындықтар туғызғаны рас.

Мысал ретінде, “ассамблея” сөзіндегі “я” әрпінің, “халық” сөзіндегі “х” әрпінің жазылу үлгісін диктант жазуға келушілердің сұрап қиналғандары байқалады. Диктант жазу кезінде өз еркімен алфавитті пайдаланбай латын қарпін жазуға халықтың азда болса дайын екені байқалады. Бұл қуантарлық жағдай.

– Ауданда жаңа қазақ әліпбиінде диктант жазуда 80 астам адамды қамту жоспарланды. Біздің басты міндетіміз – халықтың латын графикасына көшуіне қаншалықты дайын екенін білу, – деді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы м.а Гүлнар Ақсауытова.

Сөз соңында айтарым, қазақ тілінен латын тіліне көшіру қаншалықты дұрыс екендігін жұртшылықтың қолдайтыны рас, әсіресе, тіл мамандары жақсы ойда болып оған өз үлестерін қосуда.

Латын қарпіне көшудегі ең басты мәселе, кезінде біздің дұрыс жазылмай кеткен қазақы атауларымызды қалыпқа келтіру. Әлдеде атқаратын іс көп екені айдан анық көрініп тұр. Сол себепті, халық латын қарпін жақсы меңгеріп, оны сауатты жазуымыз үшін тек арнаулы күндерде ғана емес, аптасына немесе айына бір рет жазып отырар болса, нұр үстіне нұр төгілер еді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей 2025 жылға дейін латын қарпіне толықтай дайын болып келеміз. Аса дайындықпен келу мемлекеттік құжаттарды реттеуде, басқа іс-қағаздарды жазуды үлкен пайдасын тигізері сөзсіз.

Қазыбек Искаков

Редактор

Recent Posts

Ветеран педагогики Маулен Каратаев из Наурзума: «Труд учителя не всегда заметен сразу»

Одним из награждённых, поднявшихся в этот день на сцену, стал учитель физики из села Шили…

2 недели ago

Галина Бабич из села Шолаксай Наурзумского района создает необычные фигуры из бросовых материалов

«Труд облагораживает человека» — фраза из одного популярного советского фильма как нельзя точно характеризует жизненную…

2 недели ago

После урагана в детском саду «Нурбобек» села Буревестник Наурзумского района остались нерешённые вопросы

Ураганный ветер, обрушившийся 19 августа на Наурзумский район, не прошёл бесследно. (далее…)

2 недели ago

Науырзымда халық көтерген мәселелер назарға алынды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан тұрғындарымен ашық форматта кездесті.…

2 недели ago

This website uses cookies.