Аудандық дәстүрлі «Көк құс» шығармашылық фестивалі
Руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу-бүгінгі таңда өмір сүріп келе жатқан адамдардың әрқайсысының және баршамыздың басты міндетіміз екенін білеміз. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасау, мүгедектерді қорғап, қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.
17 қазан 2019 жылы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ және «Ақ Ниет» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен, ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аудандық дәстүрлі «Көк құс» шығармашылық фестивалі өтті.
Осы фестивальге аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы арнайы қатысып, қатысушыларымызға өзінің ізгі лебізін білдірірді. «Елбасымыз мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде айтқан болатын. Оларға қол ұшын беріп, көңіл күйін көтеріп, белсенді тірлікке тартып, өздерін болашағымыздың то¬лық¬қанды мүшесі ретінде се¬зуіне жағ-дай жасау – біздің басты міндетіміз» деді өз сөзінде. Аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы бала тәрбиесіне жете көңіл бөліп, еліміздің ертеңі болар ұрпақ тәрбиелегені үшін Гүлбаршын Дүзелқызына және Гүлжан Нұрғалиқызыа алғыс хат табыс етті.
Осы фестивальдің қонақтары Науырзым ауданы маслихатының Хатшысы Әбенова Гүлсім Есенғалиқызы, аудан әкімінің орынбасары Еркен Айсагалиев Жардембекұлы, Науырзым ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тазибекова Гүлжанат Төлеуқызы, Жамбыл ортаа мектебінің директоры Роллан Нұрбаев Қанатұлы қатысты.
Бүгінгі фестиваль бұрынғыларға қарағанда ерекше өтті, себебі аудымыздың ауылдарынан арнайы келген әрбір қатысушы жанның қаншалықты осы фестивальді асыға күткені, дайындалып келгенің жүздерінен сезіліп, қатысушыларымызды аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы марапаттады. Қатысушылардың сезімін жазыпта, айтыпта жеткізе алмаймыз. Бір қуаныш бақыт билегендей.
Осы іс шара барысында міндет деп қарамай, мақтан деп санамай, жүректен шыққан ізгілік деп білетін, қол ұшын созып, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен Жамбыл орт мектебінің директоры Роллан Қанатұлына, аудандық мәдениет үйіне және Мырзатаев Сәулетке, аудандық «Жастар ресурстық орталғы»КММ волонтерларына фестивалдің сәнің келтіргендері үшін алғыс білдіремін.
Қамқорлық жасау – ізгіліктің, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға шын ықыласымен кө¬мегін аямаған әрбір жанға Алланың берері мол екені анық.
«Ақ Ниет» жастар қоғамдық бірлестік төрайымы
Нұрсеитова Жібек МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ
Фотоны түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31