Аудандық балалар кітапханасында танымдық ойын өтті
Тілдер күніне орай аудандық балалар кітапханасы «Ана тілім- ата-бабам мұрасы» атты интеллектуалды-танымдық ойынын өткізді.
Іс-шараға Докучаев орта мектебінің 6-шы сынып оқушылары шақырылды.
Оқушылар топтарға бөлініп, викториналық сұрақтарға жауап берді, қазақ тілінде диктант жазды және де «Бізге аудармашы керек» айдарына қатысты. Белсенді қатысқаны үшін командалар сыйлықтармен және грамотамен марапатталды.
Балалардың тапқырлықтары ойын барысында көзге түсіп арфографиялық сауаттылықтарын арттыруға, жедел ойлау қабілеттерін кеңейтуге зор ықпал етті.
Қазақ тілі және басқа да тілдердің қоғамдағы рөлін, маңызын айқындау мақсатында бейнежазбалар мен презентациялар көрсетілді.
Жанар Сарсембаева
Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы
Фотоны ұсынған автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31