Аудан әкімінің жұмыс сапары
Өрт қауіпсіздігін алдын алу жұмыстарымен танысты
Бүгін Науырзым ауданының әкімі Талғат Карбозов жұмыс барысымен «Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы» РММ және Науырзым ауданы Қарамеңді ауылының №20-шы өрт сөндіру бекетінің дайындық жұмыстарымен танысты.
Ондағы мақсат – мекемелердің орман-дала өрттерінің алдын алуға дайындығын қадағалау. Сонымен қатар техникалардың өрт кезінде жұмыс істеу тиімділігін тексеру.
Мекемелердің техникалық мүмкіндіктері біртіндеп жаңартылуда. Өрт сөндіру қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті ауданымызға бөлген жаңа өрт сөндіру көлігін таныстырды. Жұмыс барысында мекемелердің өрт сөндіру шараларына толықтай дайындығына көз жеткізді.
Тілсіз жаудың өршуіне жол бермеу мақсатында жауапты басшыларға бұл бағыттағы жұмыстарды әлде де күшейтуді тапсырды. Толық ақпарат “Науырзым тынысында”.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31