Қаржы саласының қызметкері Жұлдызай Әбенова жайында
Қаржыгерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттің ақшасын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, мемлекеттің экономикасының дамуына жұмыс жасау.
Қаржы саласының қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Егер қаржы қаржыландырылмаса, онда бір кәсіпорын емес, бүкіл елдің дамуы қиынға түседі. Біздің ауданда бүгінгі күні аудан басшысының қолдауымен қаржы саласында шешіліп, атқарылып жатқан игі істер көп. Ал сол жұмыстар — қаржы саласы қызметкерлерінің еңбегінің
жемісі.
Қай мекемеде болмасын, ұжымның мақтанышына айналған қаржы саласының майталмандары бар, бүгінгі біздің кейіпкеріміз 30 жылдан аса осы қаржы саласында қызмет етіп, өз ісінің білікті, білімді маманы, Науырзым ауданы әкімі
аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің бас маманы және бастығының міндетін уақытша атқарушы Жұлдызай Кенжебекқызы болмақ.
– Еңбек жолымды 1987 жылы «Первая Семилетка» балабақшасында есепші болып бастадым. Осы совхозда екі жыл қызмет етіп, біраз тәжирбе жинақтадым. Сосын өзімнің туған жерім Науырзымның Қарамайшы бөлімшесінде бухгалтер болдым. Ол кезде егін шаруашылығымен мал шаруашылығы қарқынды дамыған уақыт. Осы бөлімшеде біраз еңбегі сіңген қаржы саласы майталмандарының алдынан, білімімді одан әрі ұштастырып, тәжирбе жинақтадым. Кейіннен совхоздар жабылып жатқан кезде отбасыммен Соснов совхозына көшіп барып, сол жерде ауылдық совет «сельский совет» кеңсесінде бас бухгалтер қызметін 5 жылдай атқардым. 2000 жылдан бері Өлеңді ауылы әкімінің аппаратында бухгалтер қызметін 2019 жылға дейін жемісті қызмет еттім. Үстіміздіегі жылдан бастап аудан әкімдігіне ауысып қаржы саласында қызметімді жалғастырып жатырмын, – дейді Жұлдызай Әбенова, қуанышты сезіммен әңгімелей.
Айтса, айтқандай. Қызығы да қиыншылығы бірдей жүретін бұл мамандықтың жүгі ауыр. Бұл сала қажырлы, қаржы саласына төселген мықты мамандардың мекені.
– Жұлдыз Кенжебекқызы, бұл мамандыққа келуіңізге кім себепкер болды?
– Бұл мамандыққа келуімнің себепкері әкемнің жолын қуып, бала кезден қызыға қарайтынмын. Әкемнің есеп қисабы. Бала кезімізде әкемнің жұмыс істеуіне қызға қарап еліктейтінмін. Ол кезде қазіргедей калькулятор, компьютер жоқ. Тек қана шотпен бөлу, көбейту, барлық амалдарды әкеміз орындайтын. Міне, осылай әкемнің 40 жыл қызмет жасаған қаржы
саласының артынан менде келе жатырмын. Бұл мамандықты таңдауда еш қателескен емеспін. Осы мамандығым өзіме, өмірде өз орнымды қалыптастыруыма негіз болды.
– Жұлдызай Кенжебекқызы, сіздің кабинетіңізге кіргенде айналаңызда жас мамандарды үйретіп жатқаныңызды көрдім. Осы жас мамандар жайлы өзіңіздің пікіріңізді білсем?
– Қазіргі жас мамандарды үйретуге ерінген емеспін, кез-келген жағдайда көмек ұшын бергім келіп тұрады. Жастарға айтарым, бұл мамандыққа жүрек қалауымен таңдап келген адам ғана, барлық қиындықтарды жеңе алады және нағыз мамандық иесі бола алады. Қазіргі заманда бұл мамандық өте тапшы, өйткені, оқу бітіріп келген жастар қиындыққа
төзе алмай, жұмысын жалғастыра алмайды. Сондықтан мамандық таңдауда жастар қателеспеуі керек деп ойлаймын. Қазіргі жастар білімді, жан-жақты, сондықтан заманның талабына сай өмір сүруі керек және қалтқысыз адал қызмет жасауы тиіс. Кез-келген білікті басшы, маман болсын өзінің шәкірттерін артынан дайындап, бағыт – бағдар беріп, тәрбиелегені дұрыс. Бір айта кетерлігі ауылдасымыз оқу бітіріп келген соң 3 айлық оқу тәжирбесінен өтуге келді біздің мекемеге.
Сол Айдана Төлеуханқызына жұмыстың қыр-сырын аз да болса үйреттім. Сосын бұдан кейін оқуын аяқтаған соң
мемлекеттік жастар тәжірибесі бағдарламасы бар екенін айтым. Соған қатысу үшін жергілікті жұмыспен қамту орталығына құжаттар өткізіп біздің мекемеге қайта оралды. Осы 6 айлық уақытта өзін жақсы қырынан көрсетіп, үйреткенімді үйреніп жақсы маман болып қалыптасты. Биыл аранайы мемлекеттік тест тапсырып, аудандық құрлыс
бөліміне бас маман болып орналасқан жайы бар.
Міне, бұл жас мамандардың бірі ғана. Қолымнан келгенше жас мамандарды тәрбиелеп, қолдағым келеді. Ұстаздан шәкірт озады демекші, сол шәкірттеріміз өсіп, жақсы қызметтен көрініп жатса, бұдан асқан бақыт жоқ. Қазіргі жастар білімді, жан– жақты, сондықтан заманның талабына сай өмір сүруі керек және қалтықсыз елге қызмет етуілері керек, –
дейді.
Жұлдызай Әбенова бүгінде, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған бақытты ана, әже. Балалары бүгінде мәдениет, білім саласында қызмет етуде. Отағасы аудандық құрлыс бөлімінде қызмет жасайды. Өзінің қажырлы еңбегі бағаланып, аудан, облыс әкімдернің Алғыс хаттарымен марпатталып, көпке үлгі болған
маман.
Бізде өз тарапымыздан осындай білікті, білімді маманды төл мерекесімен құттықтай отырып, мол табыстар тілейміз.
Айбек МЫРЗАҒАЛИҰЛЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31