Categories: Новости

“Алтын діңгек-өзім туған босағам….”

Раздольный азаматшасының ауылына арнаған өзіндік тын туындысы


Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
(Мұқағали Мақатаев)

Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай, менде ауылым жайлы бір әңгіме қозғайын деп шештім.

Жер басып жүрген әр адам баласының өз туған жері, мекені, Отаны бар. Менің туған жерім, киелі құт мекенім Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Раздольный ауылы.

Раздольный ауылы – кіндік қаным тамған, жаныма,журегіме жақын,қимас сезімге бөлейтін алтын ұям.

Қайда жүрсемде,оның топырағы да, тауы мен тасы да маған қашанда ыстық.

Әркім өз ауылын,туған жерін мақтан етеді. Кіндік қаны тамған өлкесін атағанда елең етіп,мойын бұрмайтын адам кемде-кем.

Туған жерім сүттей ұйып отырған,береке-бірлігі мықты осы бір ауыл –менің туған өлкем.Адамдары да бір-біріне ағайын-туыс,құда-жекжат, қойы-қоралас,қазаны аралас болып кеткен.

Мен үшін туған жерімнің әр тасы, бір тамшы суы да қымбат. Оның самал желі,таза ауасы, жұпар иісі аңқыған даласы кез келгеннің жанын жаулап алары сөзсіз.

Туған өлкем оймақтай ғана болса да,әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Ауылымның өрісінен малы кетпеген,шаруа қожалықтарының шалғындарынан егін, дәні-дақылдары азаймаған киелі жер.

Мал жайылымына қолайлы жасыл иірімді жерлер,жайлау қырлар жеткілікті. Қасиетті туған жерім, өз бойымдағы бар жақсы қасиеттерім, қажырлық пен қайсарлығым, шыдамдылығым мен байсалдылығым үшін мен саған қарыздармын!

Адам баласы асқақ арманына халқын, тілін, Отанын, туған жерін шынайы сүйсе ғана қолын жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын!

Көгілдір аспанымызды қара бұлт торламай, еліміз, жеріміз аман болсын.

Абдуллина Слан Сериковна
Раздольный орта мектебінің кітапханашысы

Редактор

Recent Posts

Учитель начальных классов Раздольной ООШ Наурзумского района Юлия Мартынова прошла непростой педагогический путь длиной в 35 лет

Несмотря на определенные трудности в сельской школе в виде отсутствия современных технологий и возможностей,  Юлие Николаевне хочется, чтобы…

12 часов ago

В Наурзумской районной детской библиотеке состоялся XIII районный конкурс чтецов «Сөз құдіреті. Живое слово»

Конкурс был приурочен к празднованию Национального дня книги и прошёл под темой «Моя любимая книга».…

16 часов ago

Камыстинцы оценили продукцию, представленную на сельскохозяйственной ярмарке

С самого утра на центральной площади села Камысты было оживлённо: покупатели неспешно выбирали продукты, общались с продавцами…

1 неделя ago

В Докучаевской и Буревестненской школах Наурзумского района прошел вечер встречи выпускников

На ней присутствовали выпускники разных лет, даже те, кто окончил школу 50 лет назад. (далее…)

1 неделя ago

В селе Шолаксай Наурзумского района прошел конкурс выразительного чтения стихов

Мероприятие с названием "По страницам детства" прошло в Шолаксайской сельской библиотеке. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.