Науырзымдық ақ халатты абзал жандар ұлықталды
Адам жанының арашасы болып, денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсету – игі дәстүрдің бірі.
Осы орайда ауданымызда медицина қызметкерлерінің еңбегін дәріптеуге арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, сала мамандары құрмет төрінен көрінді.

Іс-шара барысында ауданымыздың денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің адал еңбегі ерекше аталып өтті. Адам өміріне араша түсіп, күн-түн демей қызмет етіп жүрген жандардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі жоғары бағаланды.
Мерекелік жиында аудан басшысы Мәди Ихтиляпов медицина қызметкерлерін құттықтап, бірқатар сала мамандарына Құрмет грамоталары табыстады. Бұл – халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген мамандарға көрсетілген лайықты құрмет.
—Әрбір медицина қызметкері үшін ең үлкен марапат – науқастың алғысы мен сауығып шыққанын көру. Бүгінгі көрсетілген құрмет – бүкіл медицина саласы мамандарының ортақ еңбегіне берілген баға деп білемін, дейді Жамиля Жакунова.

Ақ халатты абзал жандардың еңбегі әрдайым қадірлі. Себебі олар – адам өмірі мен денсаулығын сақтауды басты міндет санап, қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандар. Олардың еселі еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31