
Науырзымдық 50 домбырашылар “Ұлттық домбыра күніне” арналған айлық шарасына қатысты
Елімізде 1 шілдеде «Ұлттық домбыра күні» мерекесі аталып өтіледі. Бұл қазақтың киесі мен қасиетті қазынасына баланған, ұлы даланың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін шертпелі аспабымыздың құндылығын дәріптейтін мереке.
Аталмыш мереке қарсаңында, орталық алаңда «Ұлттық домбыра күніне» арналған айлық іс-шарасының ашылу салтанаты өтті. Шара барысында 50 домбырашы күмбірлеген жеті түрлі күй шертілді. Осы шараға арнайы Қостанай қаласынан келген “Айжұлдыз” домбырашылар өз үлектерін қосты. Аталған шараға аудан басшысы Мәди Ихтиляпов, аудандық мәслихат хатшысы Гүлсім Әбенова және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан басшысы жиылған жұртты “Ұлттық домбыра күніне” арналған шарамен құттықтап, «Күй шеруі» акциясына дайындаған жауапты жетекшілерге алғыс хат табыс етті.
-Бүгін біз бабадан қалған бай мұрамызды ұлықтайтын ерекше күн – Ұлттық домбыра күніне арналған айлықтың ашылуына жиналып отырмыз. Домбыра – халқымыздың рухы, ұрпаққа қалған аманаты. Күмбірлеген күй – сан ғасырлық тарихымыздың үнін жеткізетін асыл мұра. Бұл айлық аясында ауданымызда түрлі шаралар ұйымдастырылып, жас ұрпаққа домбыраның қадірі мен қасиеті кеңінен насихатталатын болады. Домбыра – тек аспап емес. Ол – елдік пен бірліктің, өнер мен тәрбиенің көрінісі. Сондықтан бұл айлық әр отбасының, әр оқушының жүрегіне жол тауып, рухани серпіліс сыйлайды деп сенемін. Айлық аясындағы игі істерге сәттілік тілеймін! Күй шалқып, рухымыз асқақтай берсін!- деді Мәди Ихтиляпов.
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Фотоны түсірген Автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31