Науырзым жастары саясатқа белсенділікпен қызығушылық танытуда.
2024 жылдың 1 ақпанында Науырзым аумақтық сайлау комиссиясы Науырзым ауданының учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен аудан жастарымен кездесу өткізді.
Кездесу болашақ сайлаушылардың сайлауға қатысуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға, жастардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға, мемлекет берген құқықтар үшін жауапкершілік сезімін оятуға бағытталған. Сонымен қатар кездесуде жастар еліміздің саясатына бей жай қарамайтына, сайлауға белсене қатысатындарын айтып өтті.
-Бұл нағыз диалог алаңы болды, оның барысында біз қонақтарға бізді қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға сауатты жауаптар алдық. Өйткені, біз кәмелеттік жасқа жетіп қалдық және көп ұзамай біз де сайлауға қатысамыз. Ал қазір біз мектеп өміріне белсене араласамыз. Айтпақшы, біздің мектепте де жыл сайын қыркүйек айында Мектеп парламентінің президентін сайлау өтеді, сондықтан сайлаудың құрылымын біз қазірдің өзінде білеміз, – деп бөлісті мектеп парламентінің мүшесі Амина Ермагамбетова.
Жібек МЫРЗҒАЛИ,Фотоны ұсынған АСК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31