Науырзымдық арулар чемпион атанды
5-7 қаңтар күндері Тобыл қаласында Қазақстанның ұлттық күресінен спорт шебері, тәжірибелі жаттықтырушысы Сәбит Жанбатырұлы Омаровтың жүлдесіне арналған әйелдер және ерлер арасында еркін күресінен облыс чемпионаты өткен болатын
Осы айтулы додаға ауданымыздың намысын қорғаған спортшыларымыз жарыста өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Әйелдер арасында өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанғандар Амантай Гүлжазира, Жәукен Мархабат және Кәкімжанова Бибінұр. Сонымен қатар, ерлер арасындағы додада жүлделі 2 орын алған Ахетов Алишер.
Аудан басшысы Мәди Ихтиляпов 11 қаңтар күні чемпиондарды жаттықтырушыларымен бірге қабылдап облыста көрсеткен жетістіктерімен құттықтап, құрмет көрсетіп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, өз кезегінде сөз алған чемпион аруымыз Мархабат Жәукен алдағы уақытта Щучинск қаласындағы оқу жаттыға барып дайындаламыз, себебі ақпан айының басында Астана қаласында республикалық чемпионат болады сонда Қостанай облысының намысын қорғайтын боламыз. Осы жарыста еңбек пен жатығудан арқасында үштікке іліну мақсат. Болашақта ауданымыз бен облысымыздың намысын биіктерден көтеруге уәде береміз, – деді.
Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Алар асулары мен шығар белестері көп болсын! Ауданымыздың намысын қорғайтын жастарымыз көбейе берсін!
Жібек МЫРЗАҒАЛИ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31