42500 теңге: өтініш қайта қаралады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге әлеуметтік төлемін алмаған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібін бекітті. Өтініштерді жергілікті штабқа растайтын құжаттармен беру қажет.
Өтініш беріледі:
Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік, коммерциялық емес заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Растайтын құжаттар:
Қызметкерлері үшін құжаттар беретін жұмыс берушілер үшін:
– жалақысы мақталмайтын демалысқа жіберу бұйрығы;
– жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар;
– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация.
Жеке кәсібімен айналысатындарға:
– мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация;
– табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар.
АҚС шарттары бойынша жұмыс істейтіндерге заңды тұлғамен жасалған шарт қажет.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін жергілікті штаб “42 500 теңге” тағайындау туралы қорытынды шығарады.
Шешім “Азаматтарға арналған үкімет” МК бөлімшесіне беріледі, ол “Өтініш берушінің электрондық іс макетін” қалыптастырады. МӘСҚ филиалы әлеуметтік төлем тағайындау(бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31