Қожа ауылында өткен мерекелік іс шара
Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі.
Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзін мойындатты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.
Осыған орай, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншіліктерін артыру, Тәуелсіздіктің бағасын ұғындыру мақсатында 10-желтоқсан күнінен бастап Қожа ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік-ел бақыты» тақырыбымен кітап көрмесі өтті. Көрмеге қазақ елінің бүгінімен өткенінен сыр шертетін кітаптармен қоса Тәуелсіздік батырларының суреттері, өмірбаяндары қойылды.
Көрмені мектеп оқушылары мен жасы үлкен зейнеткерлерде тамашалап, өзінен кейінгі ұрпақтарға өткен күндерден біраз әңгімелер айтып берді. 12-желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесін ауыл тұрғындарыда мектеп мәжіліс залында атап өтті. Мереке шымылдығын өзінің құттықтау сөзімен ауыл әкімі ашып берді. Құттықтау сөзінен кейін ауыл өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтеру мақсатында сахналық көріністер көрсетілді. Мерекелік іс-шараны тамашалаған көрермен қауым өздерінің жылы лебіздерін білдіріп тарасты. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді. Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
Аманкулова Г.Е
Мәдениет үйінің маманы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31