Науырзымның қасиетті жері
Елбасы қазақтың қасиетті жерлерінің,баршамызға ортақ киелі жәдігерлерінің мерейін асқақтау мақсатын алға тартып отырған нысандардың біріне біздің Науырзым ауданымыздағы Қоянақ әулие Жолшарақызының кесенесі жатады
Ол Шилі мен Шолаксай ауылдарынан 18 шақырымдай, Қопа мен Қарасу мекендерінің ортасында орналасқан.
Қоянақ Жолшорақызының асыл сүйегі Уақ тайпасы Жансары руының, Қурай тармағынан. Әкесі Жолшора,атасы Тастемір де атағы жер жарған өз әулие атанған жандар.
Әжеміздің әулиеге тән кереметі, маңайындағыларды еріксіз таңыртқан ұрпақтан-ұрпаққа аңыздай әсерлі, көңілге қонымды таңғажайып ғаламат істері коп болыпты.
Оның баршасы кезінде еленбей,қазына қарттарымызбен бірге жабулы көмбедей тарихтың қалтарысында,өткеннің елесінде қала беріпті. Дегенмен, Аллаһ берген ұлы қасиетіне тәнті болған ұрпақтары, әжеміздің ересен қабілет-қарымын дертке қуат қылып,талай жылдар басына түнеп жатып, Ұлы Жаратушының жарылқауынан үміт ететін.
Дертіне дауа,науқасына шипа тілеп,барған талайлар дертінен айығып оралатын.Қаншама жылдар өтіп,ұрпақтар ауысып жатса да әжей басына барушы жамағат,рухани демеу іздеп жабыққандар әр қиырдан ат сабылтып келулерін тоқтатпады.
Киелі Науырзымды жайлаған іргелі Сүгір руына есімі ұран болған,ұлы анасы,рухани тірегі болған аруақты Қоянақ Әулие Жолшарақызының бүгінгі ұрпақтары әжесінің басына кесене тұрғызған.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шилі ауылының мәдениет қызметкерлері туған өлкеміздің қасиетті да қиелі жерлерін қайта жаңғыртып, «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасының маңыздылығын түсіндіріп,Науырзым ауданының касиетті тарихи жерлерін жас ұрпаққа,жастарға таныстырып және мәдени-танымдық жұмыс жұргізу мақсатында саяхат ұйымдастырылды.
Атаулы іс-шараға Шилі ауылының оқушылары, ауыл имамы Акзамов Ж, мектеп директоры Кубеева Ж.Б, оқу ісінің меңгерушісі Баймағамбетова Ш.Б , мәдениет қызметкерлер Кадешова Г.К, Бірмағамбетова Г.С ,Науырзым мемлекеттік қорығының инспекторы Бірмағамбетов С.Р,ауыл тұрғыны Кадешов К. қатысты.
Саяхат барысында Қоянақ әжеміздің аруағына құран оқылып,дұға бағышталды.
Әулие әжеміз туралы ауыл имамы сөз алып,Қоянақ әжемізге Аллаһ тарапынан берілген айырықша қасиетін айтып,дүниеден озса да ұрпақтарын киелі рухымен алқап,жабыққанды жұбатып,тарыққанды демеп,дерттілерге дәру,мұңайғанға қуат бола білген рухы шалқар,аруағы асқақ Қоянақ әже Жолшорақызы ел анасы болып,бауырынан рулы ел өрбеген,өсіп өнген, асқарлы әулеттің камқор әжесі ретінде де халық ілтипатына иеленгенің айтып өтты.
Мектеп директоры Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы сөз қозғап,елімізде осы бағдарлама аясында өткізіліп жатқан кешенді шаралар жайлы таныстырып өтты.
Осы тарихи- танымдық саяхат оқушылардың бойына елжандылық,туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттырып,нағыз патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпалы зор деп ойлаймын.
Бірмағамбетова Гүлжазира Сапарғалиқызы,
Шилі ауылының кітапханашысы.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31