Облыстың, ауданның намысын республикалық байқауда қорғап, жүлделі оралды
2019 жылғы 23-31 тамыз аралығында Семей қаласында XX Республикалық Абай оқулары өтті. Ұлы ақынның 175 жылдығы қарсаңындағы дарындылар байқауы биыл 20 – шы рет ұйымдастырылған.
Ұйымдастырушылар сайыстың жылдағыдан өзгерек болатындығын хабарлаған.
Бұрындары 4 номинация бойынша өтіп келген байқауға, биыл тағы екі номинация қосылған. Абай оқуларына еліміздің әр түкпірінен алдын ала іріктеуден өткен 130 оқушы жиналған.
Ашылу салтанаты Семейде өткенімен байқаудың өзі үш күн бойы Жидебайда жалғасқан. Биыл таланттар сайысының бас жүлдесіне иеленген оқушыға Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің арнайы гранты табысталды.
«Абай оқулары – 2019» байқауына біздің облысымыздың, ауданымыздың намысын республика көлемінде қорғаған Жамбыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сабыржан Жаңыл.
Жаңыл «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша 1 орынға ие болып, ҚР БҒМ, «Дарын» РҒПО дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.
Жарайсың, біздің Жаңыл! Оқуда озат, ұстаздар мерейін асқақтатып, болашақта тек биіктерден көрініп, белестерден аса бер!
Жібек Мырзағалиқызы
Фотоны аудандық білім бөлімі ұсынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31