Сындарлы саясат-кемел болашақ кепілi
Ағымдағы жылдын 2- қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын жасады.
Өз Жолдауда Президент негізгі басымдықтарды белгілеп, әлемдік экономикалық, саяси және рухани дағдарыс жағдайындағы ел тағдырын тығырықтан алып шығудың нақты жолдарын ұсынып отыр.
Жолдауда ел экономикасының өркендеуі ғана емес, әлеуметтік жағдайды жақсарту, халықпен етене араласу арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, білім мен ғылымды дамыту, руханиятты жаңғырту, және де т.б. көптеген мәселенің қамтылғаны, қоғамды толғандырған барлық дерлік сұрақтарға Президент жауап берді.
Мемлекет басшысы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылады. Көпшіліктін ойынша, жақын болашақта қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын күні туады.
Президент ауыр қылмыс жасаған азаматтардың,атап айтсақ: жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі заттарын тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды.
Қ.К.Тоқаев мемлекетті басқару жөніндегі өзінің формуласын іске асырды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Халық енді жергілікті билік жұмысының тиімділігін тікелей бағалай алатын болады.
Жастар саясатының манайында жүрген азаматтарға ерекше жүк түсіп отыр, 2019- жыл «Жастар жылы» екені баршамызға аян, сол жылдын аясында қыруар шаруалар атқарылды. Жастар еліміздің болашағы екенің ескергендей, Президент 2020 – жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.
Қазақстан жастары Президентімізге еліктеп бой түзейтіндігі баршамызға аян. Мемлекет басшысы елді толғандыратын барлық мәселерді білетінін, тамыршыдай тап басатының дәлелдеді.
Жастар жылында аталған мәселенің еліміз үшін де, жастар үшін де маңызы зор деп білеміз. Жолдауда көзделген зор және тың міндеттерді жүзеге асыру халқымыздың ортақ ісі болуы тиіс.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31